Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

06.05.2026

Жарияланымдар · 13

Мемлекет басшысы стенд атудан Алматыдағы Әлем кубогі кезеңінде жеңіске жеткен Әсем Орынбайды құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік рекордты жаңартып, жеңіс тұғырына көтерілген спортшы асқан шеберлік танытқанын атап өтті.

20:47Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия еуропалық және халықаралық істер федералдық министрі Беате Майнль-Райзингер мен Аустрия ішкі істер федералдық министрі Герхард Карнермен кездесу өткізді.

16:53Жаңалықтар

2031 жылға дейін Абай облысында 90 ауыл шаруашылығы жобасы жүзеге асырылады

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында Абай облысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған ауқымды стратегия жүзеге асырылуда. Негізгі бағыттар ретінде ет өндірісін дамыту, құс шаруашылығын өркендету, сүт фермаларын салу, сондай-ақ суармалы жерлерді тиімді пайдалану белгіленген, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

16:31Жаңалықтар

Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер табыс етті

15:23Жаңалықтар

Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

15:13Жаңалықтар

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сардарлар мен сарбаздарды, жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады.

13:30Жаңалықтар

Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 5 млн теңгеден алды

Ардагерлерге қамқорлық жасау – Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі. Бұл жұмыс орталық және жергілікті деңгейде кешенді түрде жүзеге асырылып келеді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) жергілікті бюджеттер есебінен ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне біржолғы материалдық көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

11:53Жаңалықтар

Таза Қазақстан: Астанада Нұра-Есіл бойы қоқыстан тазартылды

Астанада «Жасыл Ел» жобасы жастарының қатысуымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Нұра-Есіл каналының жағалауында ауқымды экоакция өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

10:58Жаңалықтар

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қытайдың Хунань өлкесіндегі пиротехникалық зауытта орын алған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған.

10:43Жаңалықтар

Қазақстанда «жасыл» энергия өндірісі 15%-ға өсті

2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысандарынан электр энергиясын өндіру көлемі 2,3 млрд кВт·сағ құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға жоғары. 2026 жылға арналған болжам бойынша ЖЭК өндірісі 8,8 млрд кВт·сағ деңгейінде күтілуде, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

09:52Жаңалықтар

Үкімет Абай облысының жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға 2,5 млрд теңге бөлді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың энергетикалық жүйенің сенімділігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі Абай облысындағы жылу желілерін жөндеуге резервтен шамамен 2,5 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:17Жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

09:03Жаңалықтар

Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденовке (марқұм) «Халық қаһарманы» атағы берілді

09:01Жаңалықтар