Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

12.05.2026

Жарияланымдар · 9

Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

17:58Жаңалықтар

Абай облысының кентінде экологиялық акция өтті

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Семей қаласындағы Водный кентінде «Таза қала – таза орта» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Тазалық шарасына облыстық қоғамдық келісім орталығы – Достық үйінің қызметкерлері, Ассамблея жастары және қаланың 50-ге жуық белсенді жасы қатысты. Қатысушылар кент аумағын қоқыстан тазартып, қоғамдық орындарды ретке келтіру жұмыстарына белсенді атсалысты, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.

16:02Жаңалықтар

Олжас Бектенов Берн одағының отырысына қатысушыларды Қазақстанда стратегиялық халықаралық инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандырушылардың ірі халықаралық бірлестігі – Берн одағының пленарлық отырысына қатысты. Форум алғаш рет Орталық Азия өңірінде өткізіліп отыр. Отырыс жұмысына әлемнің 70-тен астам елінен 240-қа жуық делегат қатысуда. Олар – жетекші экспорттық-кредиттік агенттіктердің, эксимбанктердің, халықаралық қаржы институттарының және жаһандық сақтандыру корпорацияларының басшылары, деп хабарлайды Primeminister.kz.

15:15Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында жел электр станциясының құрылысы басталады

Батыс Қазақстан облысында алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысының жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

14:52Жаңалықтар

Сот сараптамасының дамуының заманауи бағыттары

АҢДАТПА!

14:30Баспасөз хабарламалары

Қазақстанда егіс науқанының мониторингі үшін ЖИ элементтері бар цифрлық платформа енгізілуде

Цифрлық технологияларды пайдалану және тұқым сапасын қадағалауды күшейту өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттырудың негізгі факторлары болады. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі егін егу барысы туралы деректерді жинау үшін әзірлеген платформа пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Болашақта өндірісті талдау және болжау үшін жүйеге жасанды интеллект элементтері енгізіледі, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

11:07Жаңалықтар

Биыл егіс алқаптарының жалпы аумағы 23,8 млн гектардан асады

Әртараптандыру қағидаттарын енгізу және жоғары сұранысқа ие дақылдарға баса ден қою ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз етуге және бағаның ауытқу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

10:23Жаңалықтар

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсім төрт айда 9,9%-ға жеделдеді

Экономиканың өсу қарқыны төртінші ай жеделдеуде. ҰСБ-ның алдын ала деректері бойынша, 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ды құрады. Бірінші тоқсанның қорытындысымен салыстырғанда экономикалық өсім серпіні айтарлықтай жақсарды (2026 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ өсуі 3%), деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

09:34Жаңалықтар

Мұнай өңдеу тереңдігі ашық өнімдер өндірісінің өсуі аясында 90%-ға жетті

Қазақстанда мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайту жөніндегі жүйелі жұмыс жалғасуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдегі үш мұнай өңдеу зауытында мұнай өңдеудің орташа тереңдігі 87,4%-дан 90%-ға дейін артты, деп хабарлайды, ҚР Энергетика министрлігі.

09:27Жаңалықтар