Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

13.05.2026

Жарияланымдар · 11

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Мәртебелі мейманды елорда әуежайынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

20:03Жаңалықтар

Астанада ТМҰ елдерінің бизнес-форумы ашылды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «ТМҰ елдерінің экономикалық интеграциясы және кооперациясы: өнеркәсіптегі, АӨК-тегі, логистика мен цифрландырудағы жаңа мүмкіндіктер» атты бизнес-форумның ашылуына қатысты. Форум Астанада Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің мемлекеттік органдарының, қаржы институттарының, сауда-өнеркәсіп палаталарының, халықаралық ұйымдардың, бизнестің өкілдерін біріктірді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

16:41Жаңалықтар

Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы әртараптандыру және жоғары қайта бөлу кластерлерін құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі Энергетика министрлігі мен «Kazakhstan Success Coking Energy» ЖШС арасындағы Қарағанды облысында металлургиялық кокс өндіретін зауыт салу бойынша инвестициялық келісімді мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:13Жаңалықтар

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

Қазақстанның балмұздақ нарығы 2025 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізіп, отандық тамақ өнеркәсібінің қарқынды дамуын және елдің экспорттық әлеуетінің артып келе жатқанын дәлелдеді. Қазақстан Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және салалық сарапшылардың деректеріне қарағанда, балмұздақ өндірісінің көлемі 63,2 мың тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға артты. Бұл 2000 жылдардың басынан бергі алғашқы жоғарғы көрсеткіш, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

15:51Жаңалықтар

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу жөніндегі орталықтың кезекті отырысын өткізді. Онда өңірлерде тиісті Тұжырымдаманы жүзеге асыру барысы, волонтерлік қозғалысты қолдау жөніндегі шаралар, сондай-ақ экологиялық туризмді дамыту жайы қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:47Жаңалықтар

Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес шараларын жүргізу туралы

АҢДАТПА!

14:40Баспасөз хабарламалары

Вейп құрамын зерттейтін жаңа сот-сараптамалық тәсіл енгізілді

Елдегі өзекті мәселелердің бірі – электрондық тұтыну жүйелері. Қазақстанда 2024 жылғы 20 маусымнан бастап вейптер, хош иістендіргіштер және оларға арналған сұйықтықтарды әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым енгізілді. Осыған байланысты сараптамалық зерттеулер барысында аталған өнімдердің нақты түрін, техникалық ерекшеліктерін және құрамындағы заттарды анықтаудың маңыздылығы артты. Вейп құрылғылары мен оларға арналған сұйықтықтардың үнемі жаңарып отыруы оларды сәйкестендіруді және құқықтық бағалауды қиындатып отыр. ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

12:00Жаңалықтар

Азот тотығын анықтау бойынша сот сараптама тәсілдері әзірленді

Қазақстанда аудиожазбаларды зерттеу саласында жаңа технология енгізілді. Сот-фонографиялық сараптаманы дамыту және заманауи технологияларды енгізу шеңберінде «deepfake» деп аталатын аудиожазбаларды жасау кезінде ЖИ технологияларын пайдалану белгілерін жоғары дәрежеде сенімділікпен анықтау мүмкіндігін көздейтін жаңа әдістеме іске асырылды. Ол сот-фонографиялық зерттеулердің мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, сараптамалық бағалау сапасын және қылмыстық істер бойынша дәлелді маңызы бар аудио материалдардың түпнұсқалығын анықтаудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл жайында ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

11:50Жаңалықтар

Криптовалютамен жүргізілетін операцияларды сот-сараптамалық зерттеу сапасы артты

Қазіргі таңда қоғам, технология және қылмыс түрлері жылдам өзгеріп жатыр. Сол себепті сот сараптамасының рөлі артып келеді. Оның әдістері де заманға сай дамуы қажет. Мамандар үнемі білімін жетілдіріп, жаңа ғылыми жетістіктерді қолдану керек. Осы орайда еліміздің Сот сараптамалары орталығында жаңа технологиялар, цифрлық құралдар және автоматтандырылған жүйелер енгізіліп жатыр. Бұл зерттеулердің сапасы мен дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді. ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

11:40Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Грекияда өткен халықаралық робототехника чемпионатында жүлдегер атанды

Түркістан облысы Қазығұрт ауылының Qazygurt командасы Грекияда өткен Open International Championship 2026 халықаралық робототехника чемпионатында жүлделі орынға ие болды. Жарысқа 56 елдің жас инженерлері қатысты. Қазақстандық оқушылар АҚШ, Жапония, Бразилия, Германия, Қытай, Испания және Түркия қатысушыларымен бәсекеге түсті. Чемпионат қорытындысы бойынша олар Champions Award номинациясында екінші орын иеленді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

10:56Жаңалықтар

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан «Жасыл дәліз» жобасын дамыту мәселесін талқылады

Ташкент қаласында өткен «UEW 2026» халықаралық энергетикалық форумы аясында Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан энергетика ведомстволары өкілдерінің үшжақты кездесуі өтті. Тараптар Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан арасындағы «жасыл» энергияны өндіру мен жеткізуді дамытуға бағытталған «Green Corridor Alliance» жобасын іске асырудың қазіргі мәртебесін талқылады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

09:48Жаңалықтар