Күн жаңалықтары
14.05.2026
Жарияланымдар · 17
Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Үндістанның Уттар-Прадеш штатында орын алған қатты дауыл мен нөсердің салдарынан көптеген адамның опат болуына байланысты Нарендра Модиге көңіл айтты.
Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия бизнес форумына қатысты
Мемлекет басшысы бұл форумның екі ел үшін тиімді әрі мазмұнды болғанын атап өтіп, алқалы жиынды ұйымдастыруға атсалысқан Түркия тарапына алғыс айтты.
Мемлекет басшысы Түркия Президентімен кездесудің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, Мәртебелі Режеп Тайип Ердоғанға шақыруын қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келгені үшін шынайы ризашылығын білдірді.
Қазақстан мен Түркия басшыларына инвестициялық жобалар таныстырылды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанға екі ел бірлесе іске асырып жатқан бірқатар инвестициялық жоба туралы мәлімет берілді.
Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс режимі арқылы Түркияда бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу салтанатына қатысты.
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар туралы
АҢДАТПА!
Мемлекет басшысы Түркия Президентін Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды өз халқын алға бастап келе жатқан әлемдік деңгейдегі салиқалы басшы және саясаткер ретінде ерекше құрметтейтінін атап өтті.
Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және отандық өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде жеңіл өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиынға Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс, Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрліктерінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Атамекен» ҰКП, «Бәйтерек» ҰКП басшылығы және т.б. қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді
Мемлекет басшысы Түркия Қазақстан үшін бауырлас ел, маңызды әрі сенімді серіктес саналатынын атап өтіп, тамыры терең байланыстар қос халықтың мызғымас достығын одан әрі нығайтуға ықпал етіп отырғанын айтты.
Мемлекет басшысы Түркия Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
ТМККК және МӘМС шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы
АҢДАТПА!
Елімізде фитосанитариялық мониторингтің геоақпараттық жүйесі жаңартылды
Ауыл шаруашылығы министрлігі цифрландыру мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. Қазір фитосанитариялық мониторингтің геоақпараттық жүйесі жаңартылды. Енді мамандар зиянкестердің таралу ошақтарының цифрлық полигондарын белгілеу мүмкіндігіне ие болды. ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Қазақстанда 2,2 млн га аумақта шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жүргізу жоспарда бар
Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарын уақытылы әрі сапалы ұйымдастыру еліміздің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан барлық қажетті шаралар қабылдануда. Соңғы жылдардағы динамикаға сәйкес, 2022 жылдан бастап шегірткелер санының өсуі байқалып, 2024 жылы шарықтау кезеңі болды – шамамен 3,1 млн га жер өңделді. 2025 жылдан бастап төмендеу үрдісі байқалуда. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Ақтөбе – Ұлғайсын автожолындағы қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда
Қазақстанда стратегиялық маңызы бар және Ақтөбе облысының аумағы арқылы өтетін Ақтөбе – Ұлғайсын көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын іске асыру жалғасып жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы 262 шақырымды құрайды және ол 7 дербес учаскеге бөлінген, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласын жаңғырту жалғасуда
Қарағанды облысында тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді. Балқашта ауданаралық медициналық хаб құрылуда. Медициналық нысандарды жаңғыртуға қаражат активтерді қайтару аясында арнайы мемлекеттік қордан бөлінді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Қазақстан жол битумына деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етті
Бүгінде Қазақстан автомобиль жолдарын салу мен жөндеуге қажетті жол битумына деген ішкі сұранысты толық көлемде қамтамасыз етіп отыр. Бұған Caspi Bitum зауытының қуатын кеңейту жобасын іске асыру нәтижесінде қол жеткізілді – мұнай өңдеу көлемі жылына 1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайтылды. Нәтижесінде жол битумын өндіру көлемі жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін артты. Жоба Энергетика министрлігі жүзеге асырып жатқан мұнай өңдеу саласын дамытудың тұжырымдамасы аясында орындалған алғашқы іс-шара болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.