Күн жаңалықтары
15.05.2026
Жарияланымдар · 18
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды
Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысушы елдердің президенттеріне Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту және аймақтағы технологиялық серіктестікті нығайту бастамалары жайында мәлімет берілді.
Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары жаңа орталықтың қазығын қағып, іргетасын қалады.
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары Turkistan визит-орталығының жұмысымен танысты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің рухани мұрасымен танысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйледі
Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев түркі дүниесінің әйгілі рухани және тарихи-мәдени киелі орындарының бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды.
Мәдениет саласының жетістіктері, даму бағыттары мен Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясындағы негізгі іс-шаралар
АҢДАТПА!
ІІМ: Алаяқтарға тап болмау үшін кибергигиенаны сақтау қажет
ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті халықаралық ынтымақтастық орнатуға ерекше назар аударып отыр. Мамандар алаяқтарды анықтау мақсатында шетелдік әріптестермен белсенді қарым-қатынас жасап, тікелей байланыстар мен ақпарат алмасу арналары қалыптастырды. Мәселен, ағымдағы жылғы 31 наурызда ІІМ Украинаның полициясымен бірлесіп, кең көлемді арнайы операция жүргізілді. Бұл операция барысында қазақстандықтарды алдап келген Днепр қаласында орналасқан 3 алаяқтық Колл-орталықтың қызметі тоқтатылды. Бұл жайлы ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
«Anti-froud» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 827 киберқылмыс анықталды
Биыл 1 ақпан – 30 сәуір аралығында республика аумағында «Anti-froud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Нәтижесінде 827 киберқылмыс анықталды, оның 585 қылмыстық ісі бойынша тергеу аяқталды. Алаяқтық жолмен ұрланған ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі жойылды. Топтың 5 қылмыстық іске қатыстылығы дәлелденді, келтірілген шығыны - 20 млн теңге. Бұл туралы ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында мәлімдеді.
Биыл интернет-алаяқтықтың тіркелуі 2,5%-ға азайды
Қазіргі таңда азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, кеңістіктегі құқық бұзушыларды алдын алу және заманауи цифрлық қауіп-қатерлерге тиімді тосқауыл қою мақсатында Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бірінші кезекте бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері ақпараттық кеңістікте 38 мыңға жуық ақпарат жарияланды. Мемлекеттік органдар, білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, банктер мен жеке секторда 34 мыңға жуық профилактикалық іс-шаралар өткізілді. 10 мыңнан аса халықпен кездесулер ұйымдастырылып, 1 млн астам нұсқаулықтар мен брошюралар таратылды. Бұл туралы ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты.
Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады
Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның арнаулы мекемесі саналатын Дүниежүзілік метеорология ұйымы климат, ауа райы, су ресурстары және табиғи апаттардың қатерін азайту бағытындағы жаһандық ынтымақтастықты ілгерілетуде негізгі рөл атқаратынын атап өтті.
Биыл дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде 50 млрд теңге үнемделді
Жоспарлау мен сатып алу тәсілдерін қайта қарау Қазақстан халқын дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамту көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. 2024-2025 жылдардың бірінші тоқсандарында сатып алу көлемі 86%-дан аспаса, 2026 жылдың бірінші тоқсанында жылдық қажеттіліктің 88% деңгейіне қол жеткізілді. Процедуралардың ашықтығы және негізсіз делдалдық буындарды алып тастау бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді. Егер 2023 жылы үнемдеу 21,5 млрд теңгені құраса, 2025 жылы жиынтық үнемдеу 85,5 млрд теңгеге тең болды. Бұл жайында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Былтыр 3,4 млн қазақстандық тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді
Дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету – бұл жай ғана логистикалық міндет емес, бұл мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығының негізгі көрсеткіші. Соңғы жеті жылда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (АДҚ) жүйесі орасан зор сандық және сапалық өсу жолынан өтті. Егер 2018 жылы 1,9 млн адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілсе, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 3,4 млн азаматқа жетті. Яғни елдің әрбір алтыншы тұрғыны мемлекеттен дәрі-дәрмек түрінде қолдау алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
ТМККК және МӘМС шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы
ТМККК және МӘМС шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы
Астанада түркітілдес елдердің жас инженерлері қатысқан робототехника чемпионаты өтті
V халықаралық Robotek Grand Tournament Astana 2026 робототехника чемпионаты өз мәресіне жетті. Чемпионат алғаш рет Президенттің «TurkTime!» бастамасы аясында ұйымдастырылып, түркітілдес елдердің жас инженерлерін біріктірді. Оған Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан командалары қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Қазақстан Үкіметі Қарағанды облысында құны 42,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт салу жобасын мақұлдады
Мемлекет басшысының импортты алмастыру және отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде ҚР Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС арасындағы өндірістік қуаттарды салу және жаңғырту жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
15 мамырда Халықаралық отбасы күні аталып өтіледі
Халықаралық отбасы күні БҰҰ бастамасымен 1994 жылдан бері аталып келеді. Бұл отбасының қоғамдағы маңызын насихаттап, жанұя құндылықтарын дәріптеуге арналған ерекше мереке.