Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

18.05.2026

Жарияланымдар · 16

Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде өткен «Музей түні» акциясына 15 мыңнан астам адам барды

16 мамыр күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған «Музей түні» акциясы басталды. Акцияның алғашқы күні музейге 15 100 адам барып, мәдени іс-шараға айрықша қызығушылық танытты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

17:48Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» форматындағы салалық ведомстволардың екінші кездесуіне қатысу үшін Астанаға келген Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунды, Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрі Ұлан Ниязбековті, Тәжікстан Республикасының Ішкі істер министрі Рамазон Рахимзоданы, Түрікменстанның Ішкі істер министрі Мұхаммет Хыдыровты және Өзбекстан Республикасының Ішкі істер министрі Азиз Ташпулатовты қабылдады.

16:09Мемлекет басшысының қызметі

Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы өтеді

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы өтеді. Бұл – мәдениет саласына инновациялар, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізуге арналған ауқымды алаң. Үш күн бойы қатысушыларға пленарлық отырыстар, панельдік сессиялар, білім беру блоктары және практикалық интенсивтер өткізіледі. Форумға еліміздің 20 өңірінен 600 мәдениет қызметкері қатысады деп күтілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында форум режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Карлыгаш Ажиева мәлімдеді.

15:40Жаңалықтар

Биыл Қазақстанның барлық өңірінде «Халық әуені» жобасы ұйымдастырылады

«Халық әуені» концерттік-гастрольдік тур жобасы еліміздің мәдени саясатының басым бағыттарымен үндес. Атап айтқанда, ол мәдениет пен өнерді тек ірі қалаларда ғана емес, өңірлер мен ауылдық аймақтарда дамыту, халықтың мәдени игіліктерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ шығармашылық ұжымдардың ел аумағында кеңінен таралуын арттыру міндеттері жобаның негізгі мазмұнын айқындайды. Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» Мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының директоры Ақан Әбдуалиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

15:30Жаңалықтар

Қазақстан Венеция биенналесіне екінші рет қатысты

Биыл Қазақстанның мәдениет өкілдері 61-ші Венеция биенналесіне қатысып, Ұлттық павильонын ашты. Қатысушылар конкурстық негізде іріктелді. Бұл жайында байқау жеңімпазы - 61-ші Венеция биенналесіндегі Қазақстанның Ұлттық павильонының «Qoñyr: Тыныштық архиві» жобасының кураторы Бекбота Сырлыбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

15:20Жаңалықтар

Биыл Қазақстанда Ұлттық кино орталығының қолдауымен 24 фильм түсіріліп жатыр

Кино орталығы ұлттық кино жобаларын мемлекеттік қаржыландыру бойынша бірыңғай оператор ретінде жұмыс атқарып, саладағы ашықтық пен жүйелілікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды міндеттерді жүзеге асырып келеді. Соңғы жылдары киножобаларды мемлекеттік қолдау жүйесі едәуір жаңғыртылып, саланың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды өзгерістер жүзеге асырылды. Мәселен, киножобаларды іріктеу процесінің барынша ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуге бағытталған 4 кезеңнен тұратын ережелер енгізілді. Түрлі конкурсқа қатысуға жіберілген кино саны 10 есе артты. Бұл жайлы «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім етті.

15:10Жаңалықтар

Мәдениет саласы мамандарының әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді

Былтыр отандық мәдениет ұйымдарының тұрақты қызметін қамтамасыз ету және қызмет сапасын арттыру мақсатында республикалық мәдениет ұйымдарының баға прейскуранты жаңартылды. Өйткені коммуналдық және эксплуатациялық шығындардың өсуі жағдайында бағаны реттеу – қажетті әрі негізделген қадам. Бағаның өсуіне қарамастан, мәдениет ұйымдары әлеуметтік саясатты сақтап, әлеуметтік осал топтарға жеңілдіктер беруді жалғастыра береді. Сонымен қатар «Мәдениет туралы» заңға енгізілген өзгерістер аясында республикалық мәдениет ұйымдарының мүлкін жалға беру ережелері әзірленді. Бұрын жалға беруден түскен кірістер бюджетке жіберілетін болса, енді енгізілген өзгерістерге сәйкес бұл қаражат ұйымдардың өзінде қалады. Бұл бюджет жүктемесін азайтып, мекемелердің өзіндік дамуына мүмкіндік береді. Бұны ҚР МАМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Шерхан Талап ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

15:00Жаңалықтар

Биыл елімізде 64 мәдени нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Бүгінде Қазақстанның мәдени инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Театрлар, музейлер, кітапханалар мен мәдениет үйлері кезең-кезеңімен жаңғыртылып келеді. Әсіресе, өңірлердегі мәдени нысандардың жағдайын жақсарту – басты назарда. Былтыр 61 мәдениет нысанының құрылысы қолға алынып, тағы 252 нысан жөнделді. Биыл елімізде 64 мәдени нысанының құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР МАМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Шерхан Талап ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

14:50Жаңалықтар

Еліміздің мәдени нысандарында билет сату мен келушілерді тіркеу толық цифрлық форматқа көшірілді

2026 жыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Осыған байланысты мәдениет саласын цифрландыру – басты басымдықтардың бірі. Осы мақсатта ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің тапсырмасымен бірнеше цифрлық жоба қолға алынды. ҚР МАМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Шерхан Талап ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

14:40Жаңалықтар

Мәдениет саласының жетістіктері, даму бағыттары мен Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясындағы негізгі іс-шаралар

14:30Фотобанк

Мәдениет саласының жетістіктері, даму бағыттары мен Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясындағы негізгі іс-шаралар

14:30Инфографика

Аралық қорытындылар: 41 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

2026 жылдың 10 мамырында басталған негізгі ҰБТ 41 мыңнан астам рет тапсырылды. Талапкерлердің 67%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 33%-ы орыс тілінде және 103 адам ағылшын тілінде тапсырды. Бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 57%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 58 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 138 балл, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

11:48Жаңалықтар

Жылыту маусымының қорытындысы және алдағы жылу беру маусымына дайындық туралы

АҢДАТПА!

10:22Баспасөз хабарламалары

Жыл басынан бері 100 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылды

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 101,3 мың адам қамтылып, 140,8 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды. Мемлекет халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және азаматтардың еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгеру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған кешенді шараларды іске асыруды жалғастыруда. Бұл өңірлік жұмыспен қамту карталары, ұлттық жобалар және халықты қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:48Президенттің тапсырмалары

Қазақстан көмір өндіру көлемін ұлғайтып, жарты триллион теңге инвестиция тартпақ

Қазақстанның көмір өнеркәсібі елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде негізгі рөл атқаруды жалғастыруда. Сала ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетті дамыту арқылы көмір өндіру көлемінің тұрақты өсімін көрсетіп отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда көмір өндіру көлемі 115 млн тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 7%-ға өсті. Оның ішінде 85 млн тонна көмір ішкі тұтыну мен коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге бағытталса, экспорт көлемі 30 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

09:21Президенттің тапсырмалары

Елімізде 18 мамырда Халықаралық музей күні атап өтіледі

Халықаралық музей күні – адамзаттың мәдени және тарихи мұрасын сақтап, келер ұрпаққа жеткізіп жүрген музей қызметінің маңызын айшықтайтын ерекше мереке. Бұл атаулы күнді Халықаралық музейлер кеңесі 1977 жылы бекіткен.

09:15Жаңалықтар