Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

19.05.2026

Жарияланымдар · 16

Кения Президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кения Республикасының Президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

18:22Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы ХВҚ-мен меморандумды ратификациялау туралы заңға қол қойды

17:20Мемлекет басшысының қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялар туралы келісімді ратификациялады

17:18Мемлекет басшысының қызметі

Президент жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты құжатқа қол қойды

17:16Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызмет туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

17:12Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры Одрэ Азулені Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Одрэ Азуленің ЮНЕСКО Бас директоры ретінде атқарған қызметіне жоғары баға берді.

17:01Мемлекет басшысының қызметі

Alatau City-де eVTOL аэротаксиінің алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті

Қазақстан өңірде қалалық әуе мобильділігің толыққанды экожүйесін, яғни  аэротаксиді, жеткізуші дрондарды және цифрлық навигацияны ұсынған алғашқы ел болды, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

17:00Президенттің тапсырмалары

«Музей түні» акциясына 60 мыңнан астам адам қатысты

Халықаралық музейлер күніне орай Қазақстанда «Музей түні» республикалық акциясы өтті. Акцияға ел бойынша 60 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

16:47Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмемен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда тарихына қатысты археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған экспозицияны аралап көрді.

16:14Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумда сөз сөйледі

15:54Мемлекет басшысының қызметі

Электр станцияларындағы жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр

Өткен жылыту маусымында отынмен қамтамасыз ету мәселелері үнемі бақылауда болды. Энергия көздерінің қоймаларында 5,6 млн тонна көмір және 152 мың тонна мазут қоры жиналды. Коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықтың көмірге деген қажеттілігі 7,5 млн тонна деңгейінде айқындалып, 8,15 млн тонна көмір дайындалды. Осылайша, жоспар 109,8 %-ға орындалды. Бұл жұмысты тиімді үйлестіру үшін Комитет, ЖАО, «Қазақстан темір жолы» АҚ және көмір өндіруші кәсіпорындардан құрылған республикалық штаб қызметі ұйымдастырылды. Бұл жайлы ҚР Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

11:50Жаңалықтар

Энергетика министрлігінің өкілі өткен жылыту маусымының қорытындыларын жариялады

2025-26 жж. Жылыту маусымы қалыпты деңгейде өтті. Бұл – қажетті жөндеу жұмыстары мен тиімді бақылау шараларының нәтижесі. Жөндеу науқаны аясында 10 энергия блогы, 63 қазандық және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ 17 мың шақырым электр беру желісі, 420 қосалқы станция жөнделіп, 323 шақырым жылу желісі ауыстырылды. Мұны ҚР ЭМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

11:40Жаңалықтар

Қазақстанда азаматтық авиация саласы үшін кадрлар даярлау бойынша гранттар артты

Мемлекет басшысының 2025 жылғы 3 желтоқсандағы авиахабтарды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, азаматтық авиация саласы үшін кадрлар даярлау жүйесін жаңғырту бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде авиация саласы қарқынды дамып келеді. Жолаушылар мен жүк тасымалы артып, цифрлық технологиялар енгізілуде, халықаралық қауіпсіздік талаптары күшеюде. Осыған байланысты салада жоғары білікті мамандарға сұраныс өсіп отыр, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

11:01Президенттің тапсырмалары

Қазақстандық авиакомпаниялардың жолаушылар ағыны төрт айда 4 млн адамнан асты

Қазақстанның авиация саласы тұрақтылықты сақтап, халықаралық стандарттарға жоғары деңгейде сәйкесетінін көрсетіп отыр. Елімізде қажетті институционалдық база толығымен қалыптасқан. Бүгінгі таңда Қазақстан әуежайларының авиациялық қауіпсіздік деңгейі – 95,7%, ал авиакомпаниялардың қауіпсіздік деңгейі – 82%. Бұл елімізге Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) нұсқасы бойынша әлемнің үздік 20 мемлекетінің қатарына кіруге мүмкіндік берді, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

10:17Жаңалықтар

Жазғы туристік маусымға дайындық туралы

АҢДАТПА!

09:50Баспасөз хабарламалары

Әмбебап бөлімшелер төтенше жағдайларда жедел көмектің тиімділігін арттырды

Екінші жыл қатарынан өрт сөндіру, құтқару және медициналық қызметтерді біріктіретін әмбебап бөлімшелерді құру жобасын жүзеге асыруда. Осы уақыт аралығында әмбебап бөлімшелер шамамен 200 шақыртуға шығып, 170-тен астам зардап шеккен адамға көмек көрсетті. Бұл көрсеткіштер медициналық бөлімшелер жұмысының жоғары қарқынын және олардың төтенше жағдайларға ден қою жүйесіне қосып отырған елеулі үлесін айғақтайды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

09:17Жаңалықтар