Күн жаңалықтары
20.05.2026
Жарияланымдар · 15
Қазақстан мен Кения президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Мемлекеттер басшыларына Қазақстан мен Кения арасында инвестиция тартуға және халықаралық қаржылық ынтымақтастықты кеңейтуге арналған өңірлік алаң ретінде АХҚО қызметі таныстырылды.
Қазақстан мен Кения президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кения Президенті Уильям Руто Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барып, елдің басты технологиялық хабы саналатын кешеннің әлеуетімен танысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто «Қазақстан-Кения» бизнес форумына қатысты
Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан мен Кения арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл саяси шешімдерді бекітуге және екіжақты байланыстарды нығайтуға қос тараптың да ниетті екенін көрсетеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
Мемлекет басшысы Кения Президентінің елімізге жасаған алғашқы тарихи сапары қос мемлекеттің ынтымақтастығын жаңа белеске көтеретініне сенім білдірді.
Цифрлық музейлер мен жасанды интеллект: Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстан – Франция 2026» музеология форумы жұмысын бастады. Іс-шара тарихи-мәдени мұраны сақтау, музей ісін дамыту, инновациялар мен цифрлық трансформация мәселелеріне арналды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Мемлекет басшысы Кения Президенті Уильям Рутоға І дәрежелі «Достық» орденін тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жоғары деңгейдегі келіссөздер Қазақстан-Кения қарым-қатынасын одан әрі тереңдетуге, оны жаңа деңгейге шығаруға берік негіз қалағанын айтты.
Қазақстан мен Кения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен өткен келіссөз барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасы қарастырылды.
Мемлекет басшысы Кения Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Имантау-Шалқар курорттық аймағындағы демалыс базалары жоғары жылдамдықты интернетке қосылды
Ақмола облысындағы Бурабай курортында 25 қоқыс жәшігі, 12 жаңа санитарлық-гигиеналық торап және 23 қосымша контейнерлік алаң орнату жоспарланған. Сонымен қатар «Променад» саябағы, 8 бақылау алаңы, «Ақ бура» курорттық аймағынан ұлттық паркке дейінгі веложол (10 шақырым) салынды. Бурабай кентінің орталық алаңына және ең көп баратын «Бөлектау тауы» туристік соқпағына реконструкция жүргізілді. Бұл жайлы ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а. Нұрбол Байжанов ОКҚ баспасөз конференциясында айтты.
Алакөлдің жағалауын нығайту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді
Жазғы туристік маусым қарсаңында Абай облысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді құтқару станциясының құрылысы аяқталды. Алакөл көлінің жағалауы 800 метрден 1800-метрге дейін созылады. Оған қоса, сумен жабдықтау, кәріз, электр желілерін жүргізу және жағалауды нығайту мәселелері қолға алынды. Оған тиісті жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Бұны ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а. Байжанов Нұрбол ОКҚ алаңында хабарлады.
Былтыр елге 11,1 млн шетелдік турист келді
2025 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласының негізгі көрсеткіштерінің өсуі байқалды. Қонақ үйлерге орналастырылған ішкі туристер саны 8,6 млн адамды құрады (2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 700 мың адамға артық). Қонақ үй қызметтерін пайдаланған шетелдік туристер саны 1,4 млн адамға жетті (130 мың адамға өсті). Жалпы, әртүрлі туристік мақсаттармен елімізге 15,7 млн шетелдік азамат келді (2024 жылы – 15,3 млн адам). Бұл көрсеткішке жұмыс істеуге немесе тұрақты тұруға келген азаматтар кірмейді. Олардың ішінде 11,1 млн адам шетелдік туристер ретінде жіктеледі. ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а. Байжанов Нұрбол ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осындай мәліметтермен бөлісті.
Суару маусымына дайындық
АҢДАТПА!
Қазақстан мектептерінде 2025–2026 оқу жылы қорытындылануда
Еліміздің барлық мектептерінде 2025–2026 оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды. Оның ішінде 215 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Үкімет Степногорск және Көкшетау қалаларының жылу желілерін жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлді
Мемлекет басшысының жылу-энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Ақмола облысының екі қаласы – Степногорск пен Көкшетаудағы инженерлік желілер мен жылу көздерінің тозуын төмендету үшін 3,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Метрология жұмыскерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтуде
Бұл күн – өлшем дәлдігін қамтамасыз етіп, ғылым мен өндірістің дамуына үлес қосып жүрген мамандарға көрсетілетін құрметтің белгісі. 1875 жылы Парижде Метрикалық конвенцияға қол қойылып, халықаралық метрология саласындағы ынтымақтастықтың негізі қаланды.