Күн жаңалықтары
21.05.2026
Жарияланымдар · 15
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің қаңтар-сәуір айларындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері және алдағы әлеуметтік-экономикалық даму жоспары баяндалды.
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады
Президентке өңірдің былтырғы және 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында мәлімет берілді.
Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы басталады
Қазақстанда кітап оқу мәдениетін дамыту және «Зерделі ұлт» қалыптастыру жолындағы маңызды бастамалар жалғасуда. Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру аясында алдағы оқу жылынан бастап барлық Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Әділ Құсманов ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды
Сырымбет Қаскеев ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысы ҚР мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент, ең алдымен, салтанатты іс-шараға қатысушыларды Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтады.
Фермерлермен су беру жөнінде 25 мыңнан астам электрондық шарт жасалды
Алқаптарды суару процесін жетілдіру үшін саланы цифрландыруға басымдық беріліп отыр. Мәселен, Ислам даму банкінің қарызы есебінен еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі жалпы ұзындығы шамамен мың шақырымды және суармалы аумағы 65 мың га болатын 103 ирригациялық каналды автоматтандыру басталды. Бұдан бөлек, 2026–2028 жылдарға арналған жоспарларға сәйкес бұрын реконструкциядан өткен тағы 270 канал (1184 км) автоматтандырылуда. Сондай-ақ бүгінде ирригациялық каналдарды реконструкциялау бойынша 264 жобаға ЖСҚ әзірленуде, олардың аясында автоматтандыру және заманауи су есептеу жүйелерін енгізу шешімдері қарастырылған. Бұл жайында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында мәлімдеді.
Су тапшылығы тәуекелдерді азайту мақсатында 1840 км ирригациялық канал тазартылды
Ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын жедел енгізуге қол жеткізу мақсатында инвестициялық шығындарды өтеу және суару суының құнын субсидиялау үшін 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттегі қаржыландыру алдыңғы үшжылдық кезеңмен салыстырғанда төрт есеге ұлғайтылып, 228,1 млрд теңгені құрады. Оның 89% -ы еліміздің оңтүстігіндегі 5 облысқа тиесілі. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Алдағы вегетациялық маусымға арналған су беру кестелері бекітілді
Еліміздің ішкі су қоймаларын жинақтау бойынша ағымдағы жағдай жалпы алғанда тұрақты. 18 мамырдағы жағдай бойынша оңтүстік өңірлердің су қоймаларында 26,2 млрд текше метр су жинақталған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млрд текше метрге артық. Ағымдағы вегетациялық кезеңдегі су ресурстары бойынша болжамды жағдайды ескере отырып, ел бойынша 1,2 млн га суармалы жерді суару үшін шамамен 11 текше км су алу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында хабарлады.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері суару маусымына дайындық туралы айтты
2026 жылғы вегетацияаралық кезеңде және көктемгі су тасқыны барысында Су ресурстары және ирригация министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су ресурстарын реттеу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде ағымдағы жылғы су тасқыны кезеңі штаттық режимде өтті, елдегі су қоймалары жоспарлы деңгейге дейін толтырылды, гидротехникалық құрылыстарда төтенше жағдайларға жол берілген жоқ. Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.
Қазақстанда балалар лагерьлеріне бірыңғай талаптар енгізілді
Оқу-ағарту министрлігі балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. 2026 жылғы 1 сәуірден бастап елімізде алғаш рет балалар сауықтыру орталықтарының қызметін лицензиялау жүйесі енгізілді. Бұл бастама балалардың демалысы, оқуы және сауықтырылуы үшін бірыңғай талаптарды қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 5 айлық жұмыстың қорытындысы
АҢДАТПА!
Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі артып келеді
Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі тұрақты өсім көрсетуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша контейнермен тасымалданған жүк көлемі 2203 мың ЖФЭ-ге дейін өсті, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 2115 мың ЖФЭ құраған. Осы кезеңде контейнерлендіру деңгейі 6,7%-дан 8%-ға дейін артты, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
21 мамыр – Мәдениет және өнер жұмыскерлері күні
Бұл мереке – ұлт руханиятын дамыту жолында еңбек етіп жүрген мәдениет және өнер саласы мамандарына көрсетілетін зор құрметтің белгісі.