Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

22.05.2026

Жарияланымдар · 10

Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа конституциялық реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша Палатаның атқарған қызметі туралы мәлімет берілді.

17:00Мемлекет басшысының қызметі

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 18,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республикадағы 140 кәсіпорында 1,1 мыңнан астам жұмыскер алдында 642 млн теңгеден асатын жалақы берешегін анықтады. Сонымен қатар жүргізілген тексерулер барысында түрлі ұйымдарда еңбек құқықтарының 2 мыңнан астам бұзушылығы тіркелді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

16:34Жаңалықтар

ШҚО-да «Ұлан» көлік-логистикалық кешені пайда болады

Шығыс Қазақстан облысында «Ұлан» көлік-логистикалық кешені жобасы іске асырыла басталды. Бұл өңірдегі ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Жаңа нысан аймақ экономикасын дамытудың маңызды бөлігіне айналып, Шығыс Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін күшейтіп, ірі индустриялық жобалар үшін заманауи логистикалық база қалыптастырады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

15:42Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэні қабылдады

Президент Токио губернаторының сапары Қазақстан мен Жапония арасында орнаған кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің 10 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын, мұның символдық мәні бар екенін атап өтті.

13:41Мемлекет басшысының қызметі

Тұтынушыларды сапасыз өнімнен қорғау жұмыстары жалғасуда

2023 жылдың соңында тұтынушыларды сапасыз өнімнен қорғау мақсатында «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдардың қоғамдық бақылау тетігін жүзеге асыру арқылы қолға алынды. Оның негізгі мақсаты – сапасыз өнімдерді анықтау, жосықсыз өндірушілердің жолын кесу, адал отандық өндірушілерді қолдау және нарықта сапалы өнім өндіру мен сатуды ынталандыру. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР СИМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Болат Танабергенов хабарлады.

12:00Жаңалықтар

Қазақстанда резонанстық тұтынушылық істердің есебі жүргізілуде

Құқықтық сауаттылықты арттыру үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы резонанстық істердің есебі жүргізіледі. Мұндай істер үш негізгі критерий бойынша айқындалады: шығын сомасы 5 млн теңгеден астам, бір мәселе бойынша бес және одан да көп тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ азаматтардың құқықтары жаппай бұзылған жағдайда тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын қорғау мақсатында сотқа талап қою. Бұл туралы ҚР СИМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Болат Танабергенов хабарлады.

11:50Жаңалықтар

Жыл басынан бері тұтынушылардың құқықтары қорғалып, 405 млн теңге қайтарылды

2026 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша ҚР СИМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті мен аумақтық департаменттер 22 мыңнан астам өтінішті қарады. Келіп түскен өтініштердің нәтижелері бойынша тұтынушылардың 7,3 мың өтініші немесе 32,6% талаптары қанағаттандырылды, 7,2 мың өтініш немесе 32% бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсетіліп, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР СИМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Болат Танабергенов хабарлады.

11:40Жаңалықтар

Қазақстан 11,7 млн тонна астық пен астық есебіндегі ұн экспорттады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 20 мамырға дейін астық пен астық баламасындағы ұн экспортының көлемі 11,7 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға жоғары (10,3 млн тонна), деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

10:55Жаңалықтар

Ақтөбеде музыкалық-драма театрының құрылысына 8 млрд теңге бағытталды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе қаласында Тахауи Ахтанов атындағы драма театры үшін жаңа ғимарат салу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Үкімет резервінен 8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:27Президенттің тапсырмалары

2025–2026 оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді

2025–2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

09:10Жаңалықтар