Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

25.05.2026

Жарияланымдар · 12

Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Король II Абдалла бен әл-Хусейнді және Иордания халқын ел тәуелсіздігінің 80 жылдығымен құттықтады. Мемлекет басшысы былтырғы сапарлар мен жоғары деңгейде өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастықтың дамуына тың серпін бергенін атап өтті.

19:11Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы мәлімет берілді.

16:45Мемлекет басшысының қызметі

Түркістан облысында қуаты 300 МВт күн электр станциясының құрылысы жүріп жатыр

Түркістан облысында 300 МВт қуатты фотоэлектрлік-энергия сақтау (ФЭС және ЭСЖ) жобасының алғашқы партиясының қадалы іргетасын құю салтанатты рәсімі өтті. Бұл оқиға жобаның негізгі құрылыс кезеңіне толықтай көшкенін айқындады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

16:30Жаңалықтар

Қазақстанда шегірткеге қарсы 480 мың гектарға жуық жер өңделді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы алқаптарын шегіртке зиянкестерінен қорғау бағытындағы жоспарлы жұмыстарды жалғастыруда. Бүгінгі таңда үйірлі шегіртке түрлеріне қарсы химиялық өңдеу 480 мың гектар аумақта жүргізілді. Қорғаныс шаралары 12 өңірде арнайы жерүсті техникасын, ұшқышсыз ұшу аппараттарын және авиацияны пайдалану арқылы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

16:02Жаңалықтар

«Жасыл ел» ауқымын кеңейтуде: Қарағанды облысындағы жоба енді жыл бойы жұмыс істейді

Биыл Қарағанды облысында бес мыңнан астам жас «Жасыл ел» еңбек жасақтарына жұмысқа орналаса алады. Алғаш рет жоба жыл бойғы форматқа көшіп отыр, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

15:21Жаңалықтар

27-29 мамыр күндері Қазақстанға Ресей Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

27-29 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді.

11:42Мемлекет басшысының қызметі

Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыруға дайындық барысын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының ағымдағы жағдайы жөнінде кеңес өткізді. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында және Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысында қойған міндеттерін орындау мақсатында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

11:02Президенттің тапсырмалары

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарда 1 000-нан астам медаль жеңіп алды

2025-2026 оқу жылында Қазақстан дарынды оқушыларды қолдау жұмысын күшейтті. 80-нен астам республикалық зияткерлік жарысқа 1,6 млн-ға жуық оқушы қатысты. Халықаралық деңгейде ел намысын 5 052 оқушы қорғады. Олар 37 олимпиада мен ғылыми конкурсқа қатысып, 1 026 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 190 алтын, 332 күміс және 504 қола медаль бар. Тағы 56 қатысушы арнайы марапаттарға ие болды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

10:44Президенттің тапсырмалары

Аралық қорытындылар: 92 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

2026 жылдың 10 мамырында басталған негізгі ҰБТ 92 мыңға жуық рет тапсырылды. Талапкерлердің 71%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 29%-ы орыс тілінде және 164 адам ағылшын тілінде тапсырды. Екінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 65%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 63 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 138 балл, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

10:32Жаңалықтар

Өнеркәсіп пен құрылысты цифрлық трансформациялау: Қазақстанның нақты секторына жасанды интеллект пен жаңа технологияларды енгізу

АҢДАТПА!

10:01Баспасөз хабарламалары

Үкімет Алматы облысында жалпы құны 32,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт құрылысының жобасын мақұлдады

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр. Аталған жұмыс аясында ҚР Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Steppe pharmaceuticals» ЖШС арасында жасалған Алматы облысындағы «Алатау» АЭА аумағында толық циклді биофармацевтикалық кешен салу жөніндегі инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:47Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда диқандарға арналған дизель отынына цифрлық және түстік бақылау енгізілді

Энергетика министрлігі көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда. Жеткізілімдер бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылып, тұрақты бақылауда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:40Жаңалықтар