Күн жаңалықтары
26.05.2026
Жарияланымдар · 13
Мемлекет басшысы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзиді қабылдады
Кездесуде қазақ-қытай мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайту, парламентаралық диалогты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.
Жамбыл облысында күкірт қышқылы зауыты іске қосылды
Жаңа кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіруге жетеді. Бұл өнім ауыл шаруашылығы, энергетика, металлургия, машина жасау және басқа да салаларда кеңінен қолданылады. Зауыттың ашылуы нәтижесінде 330 жаңа жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Мемлекет басшысы МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады
Кездесуде Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен ықпалдастық перспективасы, сондай-ақ ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласы бойынша жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды. Президент Қазақстан МАГАТЭ-мен ұзақ жылдар бойғы серіктестікті жоғары бағалайтынын, сондай-ақ Рафаэль Гроссидің жетекшілігімен Ұйым ядролық қауіпсіздікті нығайтуға және атом қуатын бейбіт мақсатта қолдануға үлес қосқанын атап өтті.
Жазғы демалыс кезеңінде пойыздар мен әуе рейстерінің саны артады
Қазақстанда жазғы демалыс және мектеп каникулы кезеңінде көлік қатынасының қолжетімділігін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Жолаушылар сұранысының артуына байланысты сұранысқа ие туристік бағыттар бойынша теміржол маршруттары мен әуе рейстерінің саны артады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Қазақстан энергетика және коммуналдық секторларда цифрлық шешімдер енгізіп жатыр
Қазақстанда энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба жүзеге асырылуда. Осы жұмыс аясында мердігер ұйымдар мен жеткізушілерді қоса алғанда, мыңдаған қатысушы қосылған электрондық сатып алу платформасы іске қосылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мәлімдеді.
Бірнеше күннен бірер сағатқа дейін: Қазақстанда қала құрылысын тексеру жұмыстары қарқындай түсті
Қазақстанда құрылыс және коммуналдық салаларды цифрландыру жалғасуда. Бұл бағыттағы негізгі құралдардың бірі – мемлекеттік қала құрылысы кадастры. Қазірдің өзінде онда бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, сондай-ақ инженерлік және коммуналдық инфрақұрылым бойынша деректер жинақталған. Бірыңғай базаны пайдалану үдерістің барлық қатысушысына ортақ деректермен жұмыс істеуге және құжаттардың түрлі нұсқалары негізінде қабылданатын шешімдер санын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мәлімдеді.
Қазақстанда геологиялық деректер мен құрылыс үдерістері цифрлық форматқа көшірілуде
Қазақстанда өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалану салаларын цифрлық трансформациялау жалғасуда. Негізгі міндеттердің бірі – негізгі рәсімдерді бірыңғай цифрлық форматқа көшіру. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын дамыту аясында қазірдің өзінде 22 мемлекеттік қызмет қолжетімді, электрондық аукциондар мен қол қою бонусын онлайн төлеу жүйесі енгізілген, ал платформа арқылы 729 лицензия берілген. Бұл бизнеске келісу рәсімдерінің санын қысқартуға, қағаз құжат айналымын азайтуға және қызметтерді алу үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мәлімдеді.
Өнеркәсіп пен құрылысты цифрлық трансформациялау: Қазақстанның нақты секторына жасанды интеллект пен жаңа технологияларды енгізу
Өнеркәсіп пен құрылысты цифрлық трансформациялау: Қазақстанның нақты секторына жасанды интеллект пен жаңа технологияларды енгізу
Үкімет алдағы оқу жылына 89 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлді
Биыл жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі алдыңғы оқу жылдарының деңгейінде сақталып отыр, деп хабарлайды UKIMET телеграм-арнасы.
Үкімет 3,2 млн баланы мектептер мен лагерьлер жанындағы жазғы демалыс бағдарламасымен қамтамасыз етеді
Қазақстанда жазғы демалыс кезінде 11 135 демалыс орталығы жұмыс істейді, олар 3,2 млн баланы демалыспен және сауықтырумен қамтиды, деп хабарлайды UKIMET телеграм-арнасы.
Қазақстанда 14,5 млн гектар ауыл шаруашылығы дақылдары егілді
Қазақстанда көктемгі дала жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Облыс әкімдіктерінің жедел мәліметтеріне сәйкес, бүгін ауыл шаруашылығы дақылдары 14,5 млн гектар алқапқа егілді. Атап айтқанда, дәнді дақылдар 10 млн гектарға, майлы дақылдар – 3,2 млн гектарға, мал азықтық дақылдар – 861,4 мың гектарға, мақта – 167,3 мың гектарға, көкөніс дақылдары – 109,1 мың гектарға, бақша дақылдары – 80,3 мың гектарға, картоп – 107,7 мың гектарға, қант қызылшасы – 22 мың гектарға егілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Үкіметте Туризм саласын дамыту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Туризм саласын дамыту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Кеңес 2026 жылғы сәуірде туризм саласындағы орталық мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдері мен сарапшылар қауымдастығының жұмысын үйлестіретін тұрақты ведомствоаралық алаң ретінде құрылған, деп хабарлайды Primeminister.kz.