Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

08.06.2026

Жарияланымдар · 7

Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын кешенді жүзеге асыру мәселесіне арналған кеңес өтті. Жиынға оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:40Жаңалықтар

Президент тапсырмасы аясында қайта өңдеу саласын дамыту: Астанада заманауи сүт өңдеу зауыты іске қосылады

Астанада «RnR Group» ЖШС өндірістік алаңында сүт өңдеу зауытын іске қосуға дайындық жұмыстары аяқталуда. Кәсіпорын елордалық нарық үшін сүт, айран, қаймақ, йогурт және басқа да сүт өнімдерін өндіруге бағытталған. Жоба Үкімет пен елорда әкімдігінің Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қайта өңдеу қуаттарын арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықтағы отандық өнім үлесін көбейту жөніндегі кешенді жұмысының жалғасы болып саналады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.

16:12Жаңалықтар

Қазақстанда жер қойнауын зерттеу бойынша пилоттық IT-жоба іске қосылады

Қазақстанда жер қойнауын зерттеу жаңа технологиялық деңгейге көтерілуде. Бүгін Энергетика министрлігі, «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ және «Шелл Қазақстан» компаниясы көмірсутек шикізатын геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Серіктестіктің негізгі бағыты – әлемдік озық тәжірибемен алмасу және көмірсутек шикізаты бойынша геологиялық архивтерді цифрландыру. Құжат мамандарды бірлесіп оқытуға және жер қойнауын кешенді талдауға арналған тұрақты алаң қалыптастырады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

14:34Жаңалықтар

ІІМ балаларды онлайн-грумерлерден қорғау ережелерін еске салды

Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен кәмелетке толмағандарға онлайн-груминг қаупі туралы ескертеді. Онлайн-груминг - бұл қаскөйлердің интернет арқылы балалармен сенімді қарым-қатынас орнату үшін қолданатын қауіпті тәсілі.

12:25Жаңалықтар

Түркістан облысында жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысының Сайрам ауданында ірі қара малды бордақылауға арналған және жоғары технологиялық мал сою алаңымен жабдықталатын ірі инвестициялық жобаны іске асыру басталды. Инвестицияның жалпы көлемі 3,5 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

10:57Жаңалықтар

Президент Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

10:02Мемлекет басшысының қызметі

Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды

Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде елімізде 2026 жылғы егіс науқаны аяқталды. Көктемгі дала жұмыстары еліміздің барлық өңірінде белгіленген агротехникалық мерзімде жүргізілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:09Жаңалықтар