Күн жаңалықтары
09.06.2026
Жарияланымдар · 14
Президент 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» стратегиясын бекітті
Үкіметте Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астанаға дейін су құбырын салу мәселелері талқыланды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мемлекеттік органдардың, елорда әкімдігінің және «Elorda Aqua» ШЖҚ-дағы МКК өкілдерінің қатысуымен Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін №4 сорғы-сүзу стансасының құрылысымен су құбырын салу жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады
Президентке Абай облысының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы төрт айдағы көрсеткіштері туралы есеп берілді.
Бапкер қазақстандық спортшылардың эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионатына дайындық туралы айтты
13-14 маусым аралығында Астанада эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем кубогының III кезеңі мен Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет спорттың бұл түрінен құрлықтық біріншілікті қабылдағалы отыр. ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Астананың эстетикалық топтық гимнастикадан аға бапкері Зарина Давлетярова мәлімдегендей, командалардың турнирлерге дайындығы қаңтар айында басталған: спортшылар жарыс бағдарламаларын жаңартып, Әлем кубогының кезеңдерін қоса алғанда, халықаралық старттарға қатысып үлгерген.
Елордада эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді
Астана қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өткізіледі. Құрлықтық біріншілік Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылмақ, бұл елдегі эстетикалық топтық гимнастиканың жоғары даму деңгейін растайды. Елде 8 жыл ішінде 211 халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 409 Қазақстан Республикасының спорт шебері даярланған. Бұл жайында Астана эстетикалық топтық гимнастика федерациясының президенті Әйгерім Әбділдина ОКҚ брифингінде хабарлады.
Президенттің туристік саланы дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте жазғы туристік маусымға дайындық мәселелері қаралды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту мәселелері қаралды. Жиында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, экология және табиғи ресурстар министрі Нысанбаев, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, сондай-ақ «Kazakh Tourism Development» АҚ басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев және Қарағанды, Ақмола, Маңғыстау, Жетісу облыстарының әкімдері баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстанда инвесторлар құқығын қорғау күшейтіледі
Қазақстанда 2030 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасы шеңберінде инвестициялар тарту жүйесін жетілдіру жалғасуда. Инвестиция тарту бойынша қолданыстағы барлық шара сақталады, сонымен бірге инвесторлармен жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін жаңа тетіктер енгізілуде. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді.
Қазақстанда инвесторларды сүйемелдеудің кешенді жүйесі жұмыс істейді
Қазақстанда инвестициялық белсенділіктің артып жатыр. 2026 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,7%-ға ұлғайып, 4,9 трлн теңгеге жетті, ол экономиканың өсу қарқынынан жоғары. Бұл ретте 2025 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны былтырмен салыстырғанда 14,4%-ға өсіп, 20,5 млрд долларды құрады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді.
«Болашақ ойындары» Астанада өтеді
Осы жылдың маңызды оқиғаларының бірі Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында «Болашақ ойындары» халықаралық турнирін өткізу болмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.
Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иорданияның төл мерекесі – Корольдің Таққа отырған күнімен құттықтады.
Қазақстанның туристік саласы мемлекетке 630 млрд теңгеден астам салық түсірді
Туризмнің ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңге деңгейіне жетті. Бүгінгі таңда бұл салада 600 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.
Қазақстан мен Қытай ғалымдары шегірткеге қарсы экологиялық таза биопрепаратты сынақтан сәтті өткізді
Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы жаңа буындағы биологиялық препараттың далалық сынақтары сәтті аяқталды. Зерттеу нәтижелері энтомопатогенді Metarhizium anisopliae саңырауқұлағы негізінде әзірленген экологиялық қауіпсіз препараттың жоғары тиімді екенін көрсетті, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жыл соңына дейін 105 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіледі
Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың кешенді жоспары аясында жыл соңына дейін 105 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.