Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

10.06.2026

Жарияланымдар · 17

Мемлекет басшысы Канада Генерал-губернаторы Луиза Арбурға құттықтау жеделхатын жолдады

20:42Мемлекет басшысының қызметі

Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады

Мемлекет басшысы ведомствоның 2025 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен биыл бес айдағы нәтижелері туралы есебін тыңдады.

18:22Мемлекет басшысының қызметі

5000-ға жуық фермер көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына арналған жеңілдетілген қаржыландыру алды

Қазақстанда 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына арналған қаржыландыру бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 қазанда Мемлекет басшысының егіс науқанын уақтылы әрі сапалы өткізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында басталды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%-ды құрайды. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 637 млрд теңгені құрайтын 5307 өтінім қабылданды. Соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 4968 өтінімі мақұлданып, 578 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

18:05Жаңалықтар

Тәртіп сақшылары: Павлодардың атты полициясы қалай жұмыс істейді

Павлодар қалалық патрульдік полиция батальонының қызметінде 15 ат бар, олар қала маңының оңтүстік бөлігінде күнделікті патрульдеуге қатысады. Кавалериялық взводтың автокөлік немесе жаяу патрульдерден басты артықшылығы – оның ұтқырлығында. Тәртіп сақшылары атқа мініп, қызметтік көлікпен өту мүмкін емес ең қиын жерлерге де бара алады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мамандары атты взводтың жұмысын өз көзімен көріп, күнделікті патрульдеудің қалай өтетінін білу үшін патрульдік полициямен бірге рейдке шықты.

17:04Жаңалықтар

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады

16:37Мемлекет басшысының қызметі

Су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

Қазір су айдындарында жылжымалы бекеттер қойылып, жаппай демалыс орындарында патрульдеу ұйымдастырылған. Ақпараттық стендтер мен ескерту белгілері орнатылған, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Балалардың үлкендерсіз қауіпті аймақтарда болу жағдайларын анықтау шаралары қабылдануда. Жақын арада ТЖМ-ге шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды бақылау және қадағалау функциялары беріледі. Тексеру іс-шаралары ағымдағы жылдың 1 шілдесінен басталады. Еліміздің су айдындарындағы шағын көлемді кемелер мен олардың тұрақ базаларына тексеру жүргізілетін болады. Өрескел заң бұзушылықтар анықталған жағдайда жедел ден қою шаралары қабылданады. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Әсет Жылқайдаров ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.

14:50Жаңалықтар

Су айдындарында қосымша 200 жылжымалы құтқару бекеті салынды

Еліміздің су айдындарындағы тәуекелдердің алдын алу және профилактика мәселелері ТЖМ-нің ерекше бақылауында. Мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтың жаппай демалу орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су айдындарында жаппай демалуға арналған 733 рұқсат етілген орын айқындалды. Оның ішінде 257 коммуналдық және 433 жекеменшік жағажай, спорт пен туризмге арналған 19 орын, сондай-ақ өзге мақсаттағы 24 орын бар. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Әсет Жылқайдаров ОКҚ алаңында хабарлады.

14:40Жаңалықтар

Қазақстанға популяцияны қалпына келтіру үшін жеткізілген төрт жолбарысқа есім берілді

Қазақстан мен Ресей тараптарының бірлескен шешімі аясында жолбарыстарға екі елдің ынтымақтастығын және жобаның Орталық және Шығыс Азия табиғатымен тарихи байланысын білдіретін есімдер берілді: аталық жолбарыс – Амур; аналық жолбарыс – Үміт; еркек күшік – Тұран; ұрғашы күшік – Уссури, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

13:19Жаңалықтар

Қазақстандық мамандардың жаңа әзірлемесі орман өрттерімен күрестің тиімділігін арттырады

2023 жылы Абай облысында болған ірі орман өртінен кейін орман шаруашылығының мамандары өртті сөндіру жұмыстарының неліктен қажетті деңгейде жедел жүргізілмегенін жан-жақты талдады. Талдау нәтижесінде орман өрттерін жедел сөндіруге арналған заманауи әрі маневрлі өрт сөндіру машинасының макетін әзірлеу туралы шешім қабылданды. Осылайша, жаңа техниканың прототипі жасалып, кейін ол Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында және Абай облысында сынақтан өткізілді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

12:52Жаңалықтар

Сот академиясы магистратура мен докторантураға түсу шарттары туралы айтты

ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот академиясы 2026 жылғы 1 маусымнан бастап магистратура мен докторантурада оқуға құжаттар қабылдауды бастады. Оқу орнына қалай түсуге болатыны және талапкерлерге қандай бағдарламалар қолжетімді екені туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Сот академиясы Азаматтық-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығының директоры Руслан Сұлтанов айтып берді.

11:50Жаңалықтар

Практикаға бағдарланған оқыту және докторантура: Сот академиясы қалай өзгеруде

Биыл Сот академиясы өзінің құрылғанына 10 жыл толуын атап өтуде. Осы уақыт ішінде ол 600-ге жуық маман даярлады, олардың шамамен 80%-ы қазірдің өзінде сот жүйесінде жұмыс істейді. Соңғы жылдары түлектердің 95%-дан астамы судья лауазымына біліктілік емтиханын сәтті тапсырды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот академиясының ректоры Қанат Мусин мәлімдеді.

11:40Жаңалықтар

Сот кадрларын даярлау: Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясына қабылдау

11:30Фотобанк

Мемлекет басшысы Португалия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Жозе Мартинш Сегуру мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады.

10:54Мемлекет басшысының қызметі

ДСМ: 660-тан астам дәрілік препараттың атауы бойынша бағаның төмендеуі тіркелді

Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасына мониторинг жүргізуді және олардың халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруда. «Тауарларды таңбалау және қадағалау» ақпараттық жүйесінің деректері бойынша шекті бағаларды реттеу тетігі күшіне енгенге дейінгі кезең мен 2026 жылғы мамырдағы жағдай бойынша еліміздің 20 өңіріндегі дәріханаларда сатылатын 2635 дәрілік препараттың атауына салыстырмалы баға талдауы жүргізілді. Мониторингтің қорытындысы бойынша 1309 препараттың (49,5%) бағасы өзгеріссіз қалғаны, ал 669 дәрілік заттың (20,4%) бағасы төмендегені анықталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-каналы.

10:27Жаңалықтар

Ақтауда құны 800 млрд теңгеден асатын аммиак-карбамид зауыты салынады

Үкімет Қазақстанда карбамид өндіретін алғашқы зауыт салу туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:03Жаңалықтар

Қазақстан мен Нидерланды 160 млн еуро көлеміндегі бірлескен жобаларды іске асыруға келісті

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Нидерланд Корольдігіне жұмыс сапары аясында Қазақстан–Нидерланд бизнес-форумы өтті. Форум қорытындысы бойынша келісімдерге қол қойылып, жалпы сомасы 160 млн еуроны құрайтын бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:27Жаңалықтар

Инвестициялар, инфрақұрылым және туристік жаңа бағыттар: Қазақстан Президент айқындаған міндеттер аясында туризмді дамытып келеді

Туризм – Қазақстан экономикасының өсімін қамтамасыз ететін әрі еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыратын маңызды салалардың бірі. Мемлекет басшысы өз Жолдауында туристік нысандардың сапасын одан әрі арттырудың, келешегі зор бағыттардың әлеуетін ашудың және туристік инфрақұрылымды кешенді дамытуды жергілікті атқарушы органдар қызметінің тұрақты басымдықтарының бірі ретінде орнықтырудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар орталық деңгейде халықаралық туристер тартуға және салалық заңнаманы жетілдіруге ерекше назар аударылуы тиіс, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:07Жаңалықтар