Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

11.06.2026

Жарияланымдар · 9

Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті тыңдады.

18:43Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа бала құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар туралы мәлімет берілді.

17:46Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстан өңірлерінде сұранысқа ие бағыттар бойынша 23 жаңа бөлімше ашылды

Еліміздің өңірлеріндегі облыстық ауруханаларды ауқымды жаңғырту бағдарламасы шеңберінде сұранысқа ие терапиялық бағыттар бойынша 23 жаңа бөлімше ашылды. Жаңа бөлімшелер ересектер мен балалардың арасында қажеттілігі жоғары медициналық бағыттар бойынша құрылды. Олар: ревматология, пульмонология, гастроэнтерология, эндокринология, гематология, нефрология және кардиология, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

14:50Жаңалықтар

Қазақстандық титанның аэроғарыш саласының жаһандық нарығындағы үлесі шамамен 20%-ды құрайды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелермен кездесті. Жүздесу барысында кәсіпорынның орнықты дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және Қазақстанның жаһандық титан нарығындағы ұстанымын одан әрі нығайту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:27Жаңалықтар

Мемлекет басшысы жаңа заңдарға қол қойды

13:11Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанның астық пен астық есебіндегі ұн экспорты 12 млн тоннадан асты

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың мамырына дейінгі кезеңде астық пен ұнды экспорттау астық эквивалентінде 12,2 млн тоннаға жетті. Бұл өткен маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артық, ол кезде шетелге 10,7 млн тонна жөнелтілген, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

12:29Жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

Қазақстанда «2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар» өзектендірілді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.

11:54Жаңалықтар

Талдықорғанда 8 км жылу желілерін жаңғырту тозу деңгейін 61%-дан 38%-ға дейін төмендетеді

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Талдықорған қаласында жылумен жабдықтау нысандарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.2026–2029 жылдарға арналған коммуналдық және энергетикалық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аясында облыс орталығында инженерлік инфрақұрылымның тозуын төмендетуге және тұтынушыларды жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға бағытталған магистральдық жылу желілерін қайта жаңғырту көзделген, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.

09:41Жаңалықтар

Business.enbek.kz порталында 24 маусымнан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттардың бірінші легіне өтінім қабылдау басталады

Халықтың әлеуметтік осал санаттары арасында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 2026 жылғы 24 маусым мен 8 шілде аралығында Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға өтінім қабылдау жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:20Жаңалықтар