Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

12.06.2026

Жарияланымдар · 11

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді аталған елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.

18:48Мемлекет басшысының қызметі

Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңнамалық түзетулерге қол қойды

17:31Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы педагог мәртебесіне қатысты заңнамалық түзетулерге қол қойды

17:14Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда 2,5 млрд текше метрлік Қашаған газ өңдеу зауыты жобасын іске асыру басталды

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің төрағалығымен Қашаған кен орнында қуаттылығы жылына 2,5 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «PSA» ЖШС, NCOC компаниясы акционерлерінің басшылығы, сондай-ақ жобаны іске асыруға қатысатын өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

15:31Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевті қабылдады

14:11Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда қайтарылған активтер есебінен 483 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба қаржыландырылды

Қазақстанда 2023 жылдан бастап «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңы қолданыста. Қайтарылған активтерді басқару бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп, Арнайы мемлекеттік қор құрылды. Бүгінгі таңда оған түскен қаражаттың жалпы сомасы 593,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков мәлімдеді.

12:00Жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік мүлікті жекешелендіру тек ашық сауда-саттық арқылы ғана жүргізіледі

Қазақстанда мемлекеттік мүлікті есепке алу, жалға беру және жекешелендіру бойынша барлық процесс автоматтандырылып, электрондық форматқа көшірілді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков мәлімдеді. Ол жыл сайынғы Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі ұлттық баяндаманың ашықтықты қамтамасыз етудің маңызды құралы екенін атап өтті.

11:50Жаңалықтар

ҚР Қаржы министрлігі жекешелендіру қорытындысын шығарды: 977 млрд теңгеге 402 объект өткізілді

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның 2025 жылғы жұмыс қорытындысын шығарып, мемлекеттік активтерді басқару саласындағы негізгі нәтижелер туралы айтып берді. Оның айтуынша, бүгінде Комитеттің қарамағында 134 акционерлік қоғам, мемлекет қатысатын 37 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 168 республикалық мемлекеттік кәсіпорын бар.

11:40Жаңалықтар

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру мәселелеріндегі тиімділік, ашықтық, нәтижелер

11:30Фотобанк

Жамбыл облысында 120 әскери міндетті ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторы мамандығын меңгереді

Бірегей оқу-жаттығу жиыны 14157 әскери бөлім базасында өтіп жатыр. Онда әскери міндеттілер далалық жағдайда дрон операторы кәсібін игереді. Жиындар тарихында алғаш рет резервтегілер дәстүрлі әскери даярлықтың негізгі курсын меңгерумен қатар, дрондарды басқаруды да үйренеді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.

10:32Жаңалықтар

Арменияның әуе компаниясы Қазақстанға рейстер ашады

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу бағыттарының географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы орайда, ағымдағы жылдың 12 маусымынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Арменияның жаңа шетелдік әуе тасымалдаушысы – «FlyOne Armenia» әуе компаниясы қосылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:09Жаңалықтар