Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

15.06.2026

Жарияланымдар · 10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде жазылуымен құттықтады

Президент атап өткендей, бұл тарихи уақиға аты аңызға айналған отандасымыздың жаһандық спорттағы қолтаңбасы айрықша маңызға ие екенін айғақтайды. Сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы шынайы келбеті мен беделін қалыптастыруға қосқан елеулі үлесін көрсетеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

18:04Мемлекет басшысының қызметі

Аралық қорытындылар: 236 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

2026 жылдың 10 мамырында басталған негізгі ҰБТ 236 мыңға жуық рет тапсырылды. Талапкерлердің 72%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 28%-ы орыс тілінде және 408 рет ағылшын тілінде тапсырды. Бесінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

17:47Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының жыл басынан бері атқарған қызметінің қорытындысы, әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау және әскери қызметтің беделін арттыру жұмыстары жөніндегі баяндаманы тыңдады.

16:38Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы АҚШ Қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі атқарушы директоры Бен Блэкті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға ілтипат танытып, бұл сапар Вашингтонда қол жеткізілген келісімдердің жалғасы, сондай-ақ АҚШ-пен сан қырлы ынтымақтастықты тереңдету жолындағы маңызды қадам саналатынын атап өтті.

16:28Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары Firebird және NVIDIA жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов NVIDIA вице-президенті Рев Лебаредянмен және Firebird негізін қалаушылар: бас директоры Размик Овакимянмен және Александр Есаянмен кездесу өткізді. Кездесуге Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джули Стаффт қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:00Жаңалықтар

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік маркетплейсін енгізіп, цифрлық теңгенің қолдану ауқымын кеңейтуге дайындалып жатыр

Қазақстанда мемлекеттік қаржыны басқарудың цифрлық құралдары кеңейтілуде. Қаржы министрлігі мемлекеттік мүліктің «Tapsyru» маркетплейсін енгізіп, кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинетін дамытуда, сондай-ақ Ұлттық банкпен бірлесіп цифрлық теңгені кезең-кезеңімен қолданысқа енгізуге дайындалып жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді.

14:50Жаңалықтар

ҚР Қаржы министрлігі салықтық және кедендік әкімшілендіруді жаңа цифрлық платформаларға көшіруде

Қазақстанның Қаржы министрлігі мемлекеттік қаржының кіріс бөлігін де, шығыс бөлігін де қамтитын цифрлық трансформацияны жалғастыруда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді.

14:40Жаңалықтар

Ақтөбеде қоғамдық кеңістіктер көбеюде

Ақтөбе қаласында тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасауға бағытталған қоғамдық кеңістіктер саны артып келеді. Қаланы абаттандыру жұмыстары мемлекеттік-жекеменшік серіктестік пен демеушілердің қолдауы арқасында қарқынды жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.

11:53Жаңалықтар

Көмір, газ әлде ЖЭК: бүгінде Қазақстанның энергия теңгерімін не қамтамасыз етеді?

Энергетика министрлігі электр энергиясын өндірудің түрлі көздерін теңгерімді дамытуға ерекше назар аударып келеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

09:20Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

09:03Мемлекет басшысының қызметі