Күн жаңалықтары
16.06.2026
Жарияланымдар · 10
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады
Президентке Қытай Халық Республикасында ұйымдастырылған Alatau City Roadshow қорытындысы туралы мәлімет берілді.
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Үкімет мүшелері ғарыш саласының қазіргі жай-күйі, іске асырылып жатқан жобалар және даму перспективасы туралы баяндады.
Индонезияда алғаш рет «Study in Kazakhstan» білім беру көрмесі өтті
Индонезия Республикасының Джакарта қаласында алғаш рет «Study in Kazakhstan» білім беру көрмесі және Қазақстан-Индонезия жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші форумы өтті, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
ТЖМ табиғи өрттердің алдын алу шараларын күшейтуде
Табиғи өрттердің туындауына жол бермеу және олардың қаупін төмендету мақсатында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп алдын алу шараларының кешенін жүзеге асыруда. Орман шаруашылықтарында қосымша механикаландырылған патрульдердің жұмысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдау басталғаны туралы
АҢДАТПА!
Қазақстанның темір жолдарына жасанды интеллект және Smart Rail жүйесі енгізіледі
Мемлекет басшысының еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан халықаралық көлік дәліздерінің қуатын белсенді түрде арттыруда. Бүгінде біздің еліміз құрлықтағы жүктердің 80%-ының Қытайдан Еуропаға өтуін қамтамасыз етеді. Үкіметтің ресми Telegram-каналының мәліметінше, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында көлік дәліздерін дамыту, кен орындарына жаңа жолдар мен терминалдар салу жоспарлары туралы баяндады.
Жаңартылған алғашқы 30 теміржол вокзалы 1 шілдеге дейін пайдалануға беріледі
Мемлекет басшысының вокзалдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда теміржол вокзалдарын жаңарту бағдарламасы кеңінен жүзеге асуда. Үкімет отырысында еліміздің барлық өңірлеріндегі реконструкция жұмыстарының барысы туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев хабарлады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.
Қазақстанда тәулігіне 1 миллион жұмыртқаны терең өңдейтін кәсіпорын салынады
Ақмола облысында тауық жұмыртқасын терең өңдеуге арналған ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. «Kaz Eggs» серіктестігі бастамасымен жүзеге асырлатын болашақ өндірістік кешеннің қуаттылығы тәулігіне 1 миллион жұмыртқа деп есептелуде, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстандық ғалымдар тозған жайылымдарды қалпына келтіру технологиясын патенттеді
Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының ғалымдары «Батыс Қазақстанның шөлейт аймағындағы жайылымдарды жақсарту тәсілі» атты пайдалы әдіске патент алды. Бұл әзірлеме тозған жерлерді қалпына келтіруге, мал азықтық алқаптардың өнімділігін арттыруға және қуаң климат жағдайында мал шаруашылығының жемшөп базасын нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қолжетімді орта: Қазақстанда 30,5 мыңнан астам нысан бейімделді
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету және кедергісіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Қазіргі уақытта бұл бағытта 2025-2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының инклюзивті саясат тұжырымдамасы, 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасы және «Халықпен бірге» жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.