Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

17.06.2026

Жарияланымдар · 10

Үкіметте тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылыс сапасы мәселелері қаралды

Үкіметте ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің, сондай-ақ «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшылығының қатысуымен тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылыс сапасы мәселелері бойынша кеңес өтті. Кездесу барысында құрылыс жобаларын жүзеге асыру кезінде бақылауды күшейту шаралары қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:52Жаңалықтар

Қарағанды облысында интернетке қолжетімділік кеңейіп келеді

Қарағанды облысында мобильді байланыс пен интернет сапасын жақсартуға бағытталған бірнеше ірі жоба қатар жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – сапалы интернет пен мобильді байланысты тек қалаларда ғана емес, ауылдық елді мекендерде, сондай-ақ автожолдар мен туристік аймақтарда да қолжетімді ету, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

17:11Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

Мемлекет басшысына Қордың биылғы бес айдағы жұмыс қорытындылары және орта мерзімді кезеңге арналған даму жоспары туралы есеп берілді.

16:39Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттік төрағасының «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлықты іске асыруға арналған есебін тыңдады.

15:53Мемлекет басшысының қызметі

«Дарын» сыйлығының лауреаттары арнайы комиссия шешімімен анықталады

«Дарын» сыйлығын алуға ұсынылған үміткерлерді арнайы құрылған комиссия екi кезеңде қарайды. Комиссия уәкілетті органдардың, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен, ғалымдардан, шығармашыл қызметкерлерден, мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, белгілі спорт шеберлері, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері қатарынан қалыптастырылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының м.а. Біржан Әлімжанов ОКҚ алаңында хабарлады.

14:50Жаңалықтар

«Дарын» сыйлығына үміткерлерден құжат қабылдау басталды

Биыл «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» сынды 10 аталым бойынша жүргізіледі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының м.а. Біржан Әлімжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

14:40Жаңалықтар

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдау басталғаны туралы

14:30Фотобанк

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік ахуал және ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде баяндалды.

14:15Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстандық оқушылар Еуропалық физика олимпиадасында 4 медаль жеңіп алды

Швеция Корольдігінің Гётеборг қаласында 10-шы Еуропалық физика олимпиадасы (European Physics Olympiad, EuPhO 2026) өз мәресіне жетті. Беделді халықаралық білім додасына әлемнің 41 елінен 200-ден астам оқушы қатысты. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 3 күміс және 1 қола медаль иеленді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

10:04Жаңалықтар

Жаңа цифрлық қабылдау жүйесі арқылы бірінші сыныпқа 100 мыңнан астам өтініш берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында, сондай-ақ Цифрландыру және жасанды интеллект жылы шеңберінде бірінші сыныпқа өтініш қабылдау мемлекеттік қызметі OQU білім беру платформасына (oqu.edu.kz) көшірілді, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

09:41Жаңалықтар