Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

18.06.2026

Жарияланымдар · 14

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Шахбаз Шарифті АҚШ пен Иран арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумның қол қойылуына дәнекер болған дипломатиялық әрекетінің нәтижелі аяқталуымен құттықтады.

21:06Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау облыстары әкімдерінің баяндамасын тыңдады

Әкімдер Президентке өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы есеп берді. Сондай-ақ облыс жетекшілері Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады.

19:39Мемлекет басшысының қызметі

Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді

Табиғи газ өңдеу және өнеркәсіптік газ өндірісіне маманданған америкалық компания жетекшісімен кездесу барысында аталған саладағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы қаралды.

18:25Мемлекет басшысының қызметі

Түркістан облысында жол бойындағы жаңа сервис кешендері іске қосылуда

Қазақстанда заманауи көлік және жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. Мемлекет басшысының көлік желісін жаңғырту және елдің транзиттік әлеуетін нығайту туралы тапсырмаларын орындау шеңберінде ҚР Көлік министрлігі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жол бойындағы сервис объектілерін салу мен жаңғырту бойынша ауқымды жобаларды іске асырып жатыр. Бұл жұмысқа транзиттік әлеуеті жоғары өңірлерге ерекше назар аударылады. Олардың қатарында Түркістан облысы да бар, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

16:47Жаңалықтар

Қазақстан мен Чехия энергетика саласына арналған жабдық өндіретін бірлескен кәсіпорынды іске қосты

Астанада қазақстандық және чехиялық серіктестердің ынтымақтастығы аясында құрылған «ZVVZ-KZ» ЖШС жаңа өндірістік кәсіпорнының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов пен Чехия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павол Шепеляк қатысты, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

15:35Жаңалықтар

Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жоғарғы соттарының екінші конференциясына қатысу үшін арнайы келген Әзербайжан Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Инам Керимовты, Қырғыз Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Медербек Сатыевты, Түркия Республикасының Кассациялық сот төрағасы Омер Керкезді, Түркия Республикасының Мемлекеттік кеңес төрағасы Зеки Йигитті, Өзбекстан Республикасының Жоғарғы сот төрағасының бірінші орынбасары Алишер Усмановты қабылдады.

15:12Мемлекет басшысының қызметі

Президент бір топ медицина қызметкеріне мемлекеттік наградалар тапсырды

14:19Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

12:59Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін нысандардың қолжетімділігін бақылаудың жаңа тетігі енгізілуде

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Азаматтарды ақпараттандыру құралдарының бірі – еліміз бойынша 42 897 нысан туралы мәліметтерді қамтитын «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталының Интерактивті қолжетімділік картасы, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

11:50Жаңалықтар

Елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді

16 мамырда Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжат адами капиталды дамытуға, қоғамның зияткерлік әлеуетін нығайтуға және азаматтардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Президент тапсырмаларын орындау аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі кітапхана саласын жаңғырту, кітап оқуды кеңінен насихаттау және халықтың білім мен ақпаратқа қолжетімділігін арттыру бағытында кешенді шараларды жүзеге асырып келеді. Бұл ретте саланы цифрландыруға ерекше мән беріледі, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

11:23Жаңалықтар

Қазақстанды газдандыру

АҢДАТПА!

10:11Баспасөз хабарламалары

Абай облысындағы жаңа ет комбинаты аты аңызға айналған Семей бұқтырылған ет шығаратын Қазақстандағы ең ірі кәсіпорын болады

Абай облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «Eurasia Agro Semey» ЖШС ет өңдеу кешені құрылысының барысымен танысты. Кәсіпорынды биыл іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:56Жаңалықтар

Ақтөбе облысында 17 шақырым жылу желісі мен 300 шақырым электр желісі жаңғыртылуда

Ақтөбе облысындағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 416 шақырымды құрайды, олардың орташа тозу деңгейі – 39,3%, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

09:37Жаңалықтар

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын су тасқынынан қорғайтын Есіл контрреттегішінің құрылысы келесі жылы басталады

Былтыр қазан айында Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы елді мекендерді су тасқынынан қорғауға бағытталған жоба мемлекеттік сараптамадан өткен болатын. Контрреттегіштің жалпы сыйымдылығы - 873,41 млн текше метр. Бөгеттің ұзындығы - 3443 метр. Құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылы басталады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

09:14Жаңалықтар