Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

19.06.2026

Жарияланымдар · 12

Президент бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

20:37Мемлекет басшысының қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Сенатының Маршалын қабылдады

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасы Сенатының Маршалы Малгожата Кидава-Блоньскамен кездесті.

20:29Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда аты аңызға айналған Апорт қайта жаңғырды: 2027 жылы жаңа бақтардың аумағы 110 гектарды қамтиды

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР Президенті Іс басқармасымен бірлесіп, әйгілі қазақстандық Апорт алма бақтарын қайта жаңғырту жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда. Жоспарға сәйкес, 2027 жылға дейін осы бірегей сұрыптың жаңа екпелерінің аумағы тағы 100 гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 110 гектарға жетпек, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

16:38Жаңалықтар

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович Бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2026 жылғы 19 – 20 маусымда Черногория Президенті Яков Милатович Қазақстан Республикасына екіжақты қатынастар тарихындағы алғашқы ресми сапармен келді.

15:48Мемлекет басшысының қызметі

Ақ-ирий қалашығынан Алтын орда дәуіріне қатысты жаңа деректер табылды

Қозыбаев университетінің ғалымдары мен студенттері Солтүстік Қазақстандағы ежелгі «Ақ-Ирий» қалашығында жүргізілген биылғы археологиялық маусымның жұмыстарын аяқтады. 17 күнге созылған экспедиция барысында көптеген құнды деректер мен тың жаңалықтар жинақталды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

15:16Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғасқан келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

15:06Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Черногория Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.

13:06Мемлекет басшысының қызметі

Елімізде жаңа газ кен орындарын игеру жұмыстары қолға алынды

Ел бойынша тауарлық газдың ішкі тұтынуының өсуін, сондай-ақ жаңа инвестициялық жобаларды қажетті газ көлемімен қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында берген меншікті қаражат есебінен геологиялық-барлау жұмыстарын жандандыру және көмірсутектер бойынша жаңа кен орындарын игеруді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Министрлік «Самұрық-Қазына» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, ҚР көмірсутектер бойынша жаңа перспективалы кен орындарын 2035 жылға дейін игеру жоспарына қол қойды. Жоспар Қазақстанның жаңа перспективалы мұнай және газ кен орындарын игерудің жүйелі және кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын тетігін көздейді, бұл көмірсутектердің ресурстық базасын тұрақты түрде ұлғайтуға мүмкіндік береді. ҚР энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев ОКҚ алаңында осылай деді.

12:00Жаңалықтар

Қазақстанда газ құбырларын салу бойынша ірі жобалар іске асырылуда

Қостанай облысында салынуы жоспарланған астықты терең өңдеу, алюминий шығару бойынша зауыттарын, газ-химия кешенін және ыстық брикеттелген темір өндіру зауытын және басқа да жобаларды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «КС-14 жаңа компрессорлық станциясының құрылысы және «КС-14–Қостанай» магистральдық газ құбыры» жобасын іске асыру жүргізілуде. Бұл жоба Катар мемлекетімен жасалған Үкіметаралық келісім шеңберінде катарлық инвестормен бірлесіп іске асырылады. Бұл жайлы ҚР энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

11:50Жаңалықтар

Былтыр 94 елді мекен табиғи газға қол жеткізді

Елімізді газдандыру 2035 жылға дейінгі бекітілген Қазақстан Республикасын газдандырудың Бас схемасы аясында жүзеге асырылуда. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша газдандыру деңгейі 62,4%-ды құрады немесе 12,6 млн адам табиғи газға қол жеткізді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 354 мыңнан астам адам немесе 94 елді мекен табиғи газға қол жеткізді. 2 000 шақырмнан астам газ құбыры салынды, 82 газбен жабдықтау жобасының құрылысы аяқталды. Бұны ҚР энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

11:40Жаңалықтар

20 маусымда Қазақстанның жоғары оқу орындарында құжат қабылдау науқаны басталады

20 маусымда еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қабылдау комиссияларының жұмысы басталады. ҰБТ тапсырып, мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысуды жоспарламайтын талапкерлер 20 маусымнан бастап өздері таңдаған жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсу үшін құжаттарын тапсыра алады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

09:53Жаңалықтар

Valmont Industries компаниясы Қазақстанда жаңбырлатып суару машиналары өндірісін жергіліктендіреді

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Valmont Industries компаниясының Еуразия және Латын Америкасы бойынша аймақтық вице-президент Филипп Шмидт-Хольцман бастаған делегациясымен кездесті. Жиында елімізде суармалы егіншілікті дамыту, заманауи су үнемдеу технологиясын енгізу және механикаландырылған ирригациялық жүйелердің әлемдік ірі өндірушілері мен дистрибьюторының бірі VALLEY/Valmont Industries жаңбырлатып суару машиналарын өндіруді жергіліктендіру жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:29Жаңалықтар