Негізгі мазмұнға өту

Былтыр 94 елді мекен табиғи газға қол жеткізді

Былтыр 94 елді мекен табиғи газға қол жеткізді
ortcom.kz

Елімізді газдандыру 2035 жылға дейінгі бекітілген Қазақстан Республикасын газдандырудың Бас схемасы аясында жүзеге асырылуда. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша газдандыру деңгейі 62,4%-ды құрады немесе 12,6 млн адам табиғи газға қол жеткізді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 354 мыңнан астам адам немесе 94 елді мекен табиғи газға қол жеткізді. 2 000 шақырмнан астам газ құбыры салынды, 82 газбен жабдықтау жобасының құрылысы аяқталды. Бұны ҚР энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, 2026 жылғы 1 қаңтарда газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетті немесе 20,5 млн адамның 13,1 млн адамы табиғи газға қол жеткізді.

«Республиканың барлық батыс өңірлерінде, Жамбыл облысында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында газдандыру деңгейі 90%-дан асады. Алматы, Қызылорда, Түркістан, Қостанай облыстары және Жетісу облысында газдандыру деңгейі 60%-дан 90%-ға дейінгі аралықты құрайды. Қарағанды, Ақмола және Ұлытау облыстарында газдандыру 60%-дан төмен деңгейді құрайды. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен газ тасымалдау жүйесін дамытуға бөлінген 27,3 млрд теңгені ескере отырып, газдандыру деңгейін 64,3%-ға дейін жеткізу немесе 32 мың адам табиғи газға қол жеткізу жоспарлануда», – деді спикер.

2025 жылдың қорытындысы бойынша тауарлық газ тұтыну көлемі 21,3 млрд текше метрді құрады. Ағымдағы жылға арналған тұтыну болжамы – 22,3 млрд текше метр.

Дереккөз

Бөлісу