Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

22.06.2026

Жарияланымдар · 12

Мемлекет басшысы Бельгияда тұратын отандастармен кездесті

Брюссельге ресми сапармен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан Қазақстан азаматтарымен кездесті.

21:29Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады

19:47Мемлекет басшысының қызметі

Аралық қорытындылар: 292 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

2026 жылғы 10 мамырда басталған негізгі ҰБТ 292 мыңға жуық рет тапсырылды. Талапкерлердің 72%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 28%-ы орыс тілінде және 469 рет ағылшын тілінде тапсырды. Алтыншы аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 68%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

15:48Жаңалықтар

Жетісу облысында алғашқы жаңғыртылған теміржол вокзалы ашылды

Талдықорған қаласында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан ел бойынша 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жаңартылған Жетісу облысындағы алғашқы нысан, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

14:55Жаңалықтар

Абай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 25 жоба қаржыландырылды

«Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру аясында өңірдің 10 ауданына қарасты 138 ауылдық округте скрининг жүргізіліп, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті айқындалды. Нәтижесінде барлық ауылдық округтер 2025 жылғы несиелеу бағдарламасына енгізілді, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.

14:47Жаңалықтар

Қазақстанда вирустан таза алма көшеттеріне арналған алғашқы аналық бақ құрылуда

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен елімізде алманың вирустан таза көшет материалын өндірудің ғылыми негізделген жүйесін қалыптастыруға бағытталған бірегей пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жоба 2024–2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында іске асырылуда. Мақсаты – отандық бау-бақша шаруашылығын дамыту, көшет материалының сапасын арттыру және импортқа тәуелділікті азайту, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

12:36Жаңалықтар

Қазақстандық колледждерге құжаттарды қабылдау 25 маусымда басталады: 140 мың грант бөлінді

Қазақстанда 25 маусымда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталады. 2026-2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге 140 мың орын бөлінді. Талапкерлер құжаттарды Egov.kz порталы арқылы немесе колледжге барып электронды түрде тапсыра алады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

12:24Жаңалықтар

Үкімет жол бойындағы сервис стансаларын салуға шамамен 180 млрд теңге инвестиция тарту жөніндегі жобаны мақұлдады

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Көлік министрлігі мен «Car Park Transformer» ЖШС арасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, жол бойындағы сервис стансаларын салу жөніндегі инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

12:02Жаңалықтар

Қарағанды облысында бір қорғаннан қола және ерте темір дәуірлеріне тиесілі жерлеу орындары табылды

Абай ауданында археологтар бір ғана қорғаннан бірнеше ғасырлармен бөлінген екі тарихи кезеңге тиесілі жерлеу орындарын анықтады. Көне дәуірдің құнды жәдігерлері Құлайғыр ауылы маңындағы Құлайғыр-1 қорымында жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде табылды. Археологиялық зерттеулер Қарағанды облысының тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының тапсырысы негізінде жүзеге асырылды, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

11:07Жаңалықтар

Еліміздің энергонысандарында 2 энергоблок, 26 қазандық және 16 турбина жөнделуде

ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінде 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына энергетикалық кешен мен инфрақұрылымды дайындау мәселелері бойынша Республикалық штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

10:30Жаңалықтар

ІІМ-де дрон операторларын оқыту зертханасы ашылды

Ішкі істер органдарын жаңғырту және цифрлық трансформациялау аясында тәртіп сақшылары заманауи ұшқышсыз авиациялық технологияларды белсенді түрде меңгеруде. Жедел-криминалистикалық департаменті базасында оқу-жаттығу зертханасы ашылып, онда полиция қызметкерлері дрондарды басқару бойынша кешенді дайындықтан өтуде, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі.

10:05Жаңалықтар

Алматы облысында жылына 70 мың тонна жеміс-көкөніс өнімін терең өңдейтін зауыт ашылды

Қазақстанда баламасы жоқ бұл кәсіпорын өңдеу өнеркәсібін дамытуда және елдің агроөнеркәсіптік кешенінің экспорттық  әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқармақ. Жоба Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, шикізаттық емес секторды дамыту және қосылған құны жоғары өнім үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында «Alpecon Group» серіктестігі мен Түркияның жетекші Göknur Gıda компаниясының серіктестігі негізінде жүзеге асырылды. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 9,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

09:25Жаңалықтар