Күн жаңалықтары
23.06.2026
Жарияланымдар · 15
Келіссөз қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта және Еуропалық Комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен Бірлескен мәлімдеме қабылдады
2026 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссель қаласына ресми сапармен келіп, Еуропалық Кеңестің Президенті Антониу Кошта және Еуропалық Комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесу өткізді.
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық Комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жүргізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕО көшбасшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен жүргізген келіссөздер барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыс екіжақты ынтымақтастық тарихындағы ең жоғары деңгейге жеткенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевер екі ел ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылап, саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға айрықша назар аударды.
Олжас Бектенов Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен АӨК, өнеркәсіп, цифрландыру және автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Қытайдағы «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының 17-ші жыл сайынғы кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов өнеркәсіп пен цифрландыру саласында жетекші орындарға ие қытайлық ірі компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді. Олардың ішінде, Yulin Irrigation бас директоры Ци Юбо, Xiamen Wanli Stone директорлар кеңесінің төрағасы Ху Цзиньпэй, SuperX AI Technology Limited директорлар кеңесінің төрағасы әрі CEO Хуан Чэньхун, Jinyi Holding Group директорлар кеңесінің төрағасы Цзинь Пэн, Guangzhou Automobile Group директорлар кеңесінің төрағасы Фэн Синья, CATL компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Цэн Юйцюн, CISDI Engineering вице-президенті Юн Лю бар, деп хабарлайды Primeminister.kz.
«Мерейлі отбасы – 2026»: байқауға еліміздің барлық өңірінен 3611 өтінім келіп түсті
«Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау аяқталды. Биыл байқауға еліміздің барлық өңірінен 3611 өтінім келіп түсті. Бұл отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған бастамалардың қоғам тарапынан кең қолдау тауып отырғанын көрсетеді. Оның ішінде 2024 отбасы өз еркімен қатысуға өтінім берсе, 1583 отбасы жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың бастамасымен байқауға қосылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
«Таза Қазақстан»: Саран жастары су қоймасының жағалауын тазартты
Саран қаласының жүзге жуық жасы, еріктілер мен «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары бөгет маңындағы су қоймасының аумағында экологиялық сенбілік өткізді. Олар жағалау бойын қоқыстан тазартып, тұрғындардың демалыс аймағын ретке келтірді, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.
Қазақстандағы автомобиль жолдары жобаларын жаңғырту: цифрлар мен деректер
2026–2028 жылдарға арналған автомобиль жолдары саласын дамытудың үш жылдық жоспары аясында Қазақстанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісін ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы республикалық маңызы бар автожолдардың шамамен 8,9 мың шақырымы жол жұмыстарымен қамтылды, бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Брюссельде Қазақстанның жасанды интеллект, ғылым және цифрлық инфрақұрылымын дамыту бойынша келісімдер пакетіне қол қойылды
Мемлекет басшысының Бельгия Корольдігіне мемлекеттік сапары аясында жасанды интеллектіні, ғылымды, цифрлық инфрақұрылымды және ғарыштық технологияларды дамытуға бағытталған бірқатар стратегиялық келісімге қол қойылды. Қол жеткізілген уағдаластықтар инвестиция тарту, бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру, озық технологияларды енгізу және Қазақстанның Еуразиядағы жетекші технологиялық орталықтардың бірі ретіндегі ұстанымын нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Қазақстанда 1,3 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабында шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді
Мемлекет басшысының АӨК-ті кешенді түрде дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет ауыл шаруашылығы алқаптарын шегіртке зиянкестерінен қорғау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстанда су ресурстарын басқару мен есепке алуды цифрландыру және автоматтандыру бойынша шараларды іске асыру
АҢДАТПА!
Қазақстан мен Еуропалық одақ: стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңін бастау. Euronews басылымы Мемлекет басшысының авторлық мақаласын жариялады
Брюссельге ресми сапары қарсаңында Euronews басылымы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың авторлық мақаласын жариялады.
Әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау мақсатында жыл басынан бері 485 тексеру жүргізілді
2026 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында 485 тексеру жүргізді. Оның ішінде 212-сі жоспардан тыс, 167-сі профилактикалық бақылау аясында, ал 106-сы прокуратура органдарының талабы бойынша өткізілді. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 303 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 38,9 млн теңгеден асатын 185 айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
32 су шаруашылығы нысанында шағын ГЭС салу жоспарланып отыр
«Қазсушар» РМК-ның су шаруашылығы нысандарында шағын гидроэнергетиканың әлеуетін арттыру жөніндегі бекітілген Жол картасы аясында кәсіпорын шағын ГЭС салуға арналған 32 нысанды іріктеп алды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Бүгін Қазақстанда Полиция күні атап өтіледі
Полиция қызметкерлері күн сайын азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты сақтауға қызмет етеді. Олар қиын жағдайларда алғашқылардың бірі болып көмекке келіп, заңның үстемдігін қорғайды.
Бүгін мемлекеттік қызметшілер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді
Өңірлерді дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтерді жетілдіру – осының барлығы мемлекеттік қызметшілердің күнделікті еңбегінің нәтижесі.