Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

24.06.2026

Жарияланымдар · 18

Президент бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

19:45Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

18:38Мемлекет басшысының қызметі

Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысында инфрақұрылымдық және әлеуметтік бірқатар жобаның жүзеге асырылу барысын тексерді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары 95%-ға орындалды. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев өңірге жұмыс сапары аясында құрылыс алаңында болып, жұмыс барысын қадағалады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

15:53Жаңалықтар

Су ресурстары министрлігі мамандар даярлау үшін әлемдік тәжірибені енгізуде

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілі саланы цифрландыру жаңа буын мамандарын даярлауды талап ететінін атап өтті. Заманауи кадрлар гидрология және су шаруашылығы инфрақұрылымы саласындағы біліммен қатар, үлкен деректермен жұмыс істеу, геоақпараттық жүйелер мен жасанды интеллект технологияларын қолдану сияқты цифрлық құзыреттерді де меңгеруге тиіс. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында вице-министр Аслан Абдраимов мәлімдеді.

15:00Жаңалықтар

ҚР Су ресурстары министрлігі тасқынды болжау үшін ЖИ мен ғарыштық мониторингті енгізуде

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру және су тасқынын болжау үшін заманауи цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Қазір қар жамылғысын бақылау және су тасқынының алдын алу саласындағы халықаралық тәжірибе зерделеніп жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында вице-министр Аслан Абдраимов мәлімдеді.

14:50Жаңалықтар

Қазақстанда Ұлттық су ресурстарының ақпараттық жүйесі іске қосылады

Су қауіпсіздігі – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің алдында су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту ғана емес, су ресурстарын неғұрлым дәл есепке алу және басқару үшін заманауи цифрлық құралдарды енгізу міндеті де тұр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ведомствоның вице-министрі Аслан Абдраимов мәлімдеді.

14:40Жаңалықтар

Қазақстанда су ресурстарын басқару мен есепке алуды цифрландыру және автоматтандыру бойынша шараларды іске асыру

14:30Фотобанк

Қазақстанда су ресурстарын басқару мен есепке алуды цифрландыру және автоматтандыру бойынша шараларды іске асыру

14:30Инфографика

Ақтөбе облысында қайтарылған жерлерді қайта игеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Өңірде Мемлекет басшысының жер ресурстарын тиімді пайдалану, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару және оларды қайта айналымға енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен 3 жылда облыста 1 млн 256 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.

11:57Жаңалықтар

ҚР ТЖМ жасанды интеллект негізіндегі камераларды, бейнебақылау жүйелерін және дрондарды пайдалану көлемін ұлғайтуда

Шомылу маусымында ТЖМ жазатайым оқиғалардың алдын алу және профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында заманауи цифрлық технологияларды белсенді түрде қолдануда. Оқиғаларға жедел әрекет ету, адамдарды құтқару және қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактілерін анықтау үшін Астана, Алматы қалаларында және еліміздің бірқатар өңірлерінде жағалау аумақтары 296 бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Бұл жүйелерден алынған бейнежазбалар ТЖД аумақтық бөлімшелері мен жедел-құтқару жасақтарының кезекші бөлімдеріне тікелей жеткізіледі, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

11:48Жаңалықтар

Қазақстан Ақтау портының әлеуетін арттыруда

Ақтау теңіз портында кеме қатынасының қауіпсіздігін арттыруға және Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) өткізу қабілетін ұлғайтуға бағытталған Ақтау порты акваториясын тереңдету жобасын іске асыру жалғасуда. Бүгінгі таңда жобаны іске асыру үшін қажетті геодезиялық зерттеу жұмыстарын және алынған деректерді өңдеу аяқталды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

09:02Жаңалықтар

Бүгін қазақстандық судьялар мен сот қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді

24 маусым – Судья және сот қызметкері күні.

09:00Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Mediterranean Shipping Company аға вице-президенті Эдуард Зигристті қабылдады

MSC басшылығымен кездесу барысында көлік және логистика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Жүк айналымын арттыруға айтарлықтай септігін тигізетін контейнерлеу деңгейін ұлғайтуға ерекше назар аударылды.

01:04Мемлекет басшысының қызметі

Президент Inditex Group бас директорының орынбасары Сантьяго Мартинес-Лахе Собредоны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияның Inditex Group компаниясы бас директорының орынбасары – сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Мартинес-Лахе Собредомен ынтымақтастық перспективасын талқылады.

01:02Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Groupe ADP компаниясының бас директоры Филипп Паскальмен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Groupe ADP компаниясы басшысының кездесуінде Алматы әуежайын дамытудың ұзақмерзімді перспективасына баса назар аударылды.

01:00Мемлекет басшысының қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен кездесті

Кездесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ елді саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңғыртудың негізгі бағыттары талқыланды.

00:59Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйледі

Брюссельде Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер іскерлік орта өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.

00:33Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы ЕО және Еуропалық инвестициялық банктің ресми тұлғаларымен кездесті

Президент Сауда және экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі еурокомиссар Марош Шефчовичпен, Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайспен және Еуропалық инвестициялық банктің вице-президенті Марек Морамен кездесу өткізді.

00:32Мемлекет басшысының қызметі