Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

25.06.2026

Жарияланымдар · 10

Мемлекет басшысы Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мейрамы – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.

19:27Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткеомен кездесті

Мәртебелі мейманға ілтипат білдіре отырып, Мемлекет басшысы оның елімізге сапары Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынастың дамуына тың серпін беру тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.

17:50Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда Орталық Азияның мәдени мұрасын біріктіруге арналған цифрлық платформаны құру жұмыстары басталды

Былтыр Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи-мәдени мұраны сақтау мен кеңінен танытуға бағытталған бірқатар бастама көтерген болатын. Солардың бірі – Орталық Азия елдерінің тарихи-мәдени мұрасын біріктіруге арналған бірыңғай цифрлық платформаны құру, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

16:23Жаңалықтар

Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Президент ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

14:00Мемлекет басшысының қызметі

Ақмола облысында жасымық өңдеу цехы салынуда

Өңірде жасымықты өңдеуге арналған заманауи цех салу жөніндегі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жоба агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеу саласын дамытуға, қосылған құны жоғары өнім өндіру көлемін арттыруға және өңірдің экспорттық әлеуетін нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.

11:23Жаңалықтар

Елдегі ішкі сауда саласының дамуы туралы

АҢДАТПА!

11:09Баспасөз хабарламалары

Жыл басынан бері Қазақстанда 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мансап орталықтары арқылы 200,4 мың азамат жұмыспен қамтылды. Бұл көрсеткіштің ішінде 75 мыңы – жастар болса, 81 мыңы – нәзік жандылар. Қазақстанның еңбек нарығында оң үрдіс сақталуда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мнистрлігі.

10:27Жаңалықтар

Қазақстанда автомобиль жолдарын жөндеудің жаңа тәсілдері енгізілді

Қазақстанда автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізілді, бұл өзгерістер бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға және заманауи жол технологияларын енгізуге бағытталған. Өзгерістер суық ресайклирлеу технологиясын кеңінен қолдануды, сондай-ақ қозғалыс қарқындылығы төмен жолдарда балама жол конструкцияларын пайдалануды қарастырады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

10:11Жаңалықтар

Балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтары электронды лицензиялауға көшуде

Қазақстанда балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтары автоматтандырылған қызмет түріне қосылды. Енді ұйымдар лицензия алу үшін өтінімді мемлекеттік органдарға бармай-ақ, толық онлайн форматта elicense.kz порталы арқылы бере алады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

09:18Жаңалықтар

Павлодарда өткен Жобалық кеңсенің көшпелі отырысында жылу беру маусымына дайындық пен Ұлттық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Павлодарда «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының Жобалық кеңсесінің көшпелі отырысын өткізді. Қатысушылар өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындығын, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларының іске асырылу барысын, жергілікті атқарушы органдардың қатысу рейтингтерін, сондай-ақ бұрын берілген тапсырмалардың орындалуын талқылады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:05Жаңалықтар