Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

26.06.2026

Жарияланымдар · 9

Президент Щучинск қаласындағы бірқатар нысанды аралап көрді

20:33Мемлекет басшысының қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің қызметімен танысты.

16:51Мемлекет басшысының қызметі

Жекеменшік мектептерді қаржыландыру туралы

АҢДАТПА!

15:21Баспасөз хабарламалары

Мемлекет басшысы «Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында сөз сөйледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Щучинск қаласында өтіп жатқан «Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты.

15:02Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны баяулады

Қазақстанда инфляцияны тежеу және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау жалғасуда. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында жан-жақты айтып берді.

14:50Жаңалықтар

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін асырып жібергені үшін жауапкершілік күшейтілді

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі ішкі сауда саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда. Негізгі міндеттер – халықты тауарлармен физикалық және экономикалық тұрғыдан қолжетімді қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдау. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев мәлімдеді.

14:40Жаңалықтар

Қазақстан AI Opportunity Partnership бастамасына қосылды

Қазақстан жасанды интеллект, технологиялық прогресс және экономикалық қауіпсіздік саласындағы сенімді халықаралық әріптестікті дамытуға бағытталған AI Opportunity Partnership бірлескен мәлімдемесіне қосылды, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

11:30Жаңалықтар

2026 жылдың басынан бері 69 мыңнан астам қазақстандық субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде бекітілген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарға еңбек тәжірибесін жинақтауға, табысын арттыруға және еңбек нарығындағы орнын нығайтуға мүмкіндік беретін субсидияланатын жұмыс орындарын құруды жалғастыруда. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша субсидияланатын жұмыс орындарына 69,8 мыңға жуық адам орналастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:52Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Делси Родригеске көңіл айтты.

08:13Мемлекет басшысының қызметі