Күн жаңалықтары
01.07.2026
Жарияланымдар · 15
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды
Жаңа Конституция Брайль қарпінде жарық көрді
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Брайль қарпімен басылған Жаңа Конституция таныстырылды. Бұл бастама зағип және нашар көретін азаматтардың Ата Заңды оқуына мүмкіндік беріп, олардың құқықтарын қорғауға және қоғам өміріне белсенді араласуына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Мемлекет басшысы Канада Премьер-министрін ұлттық мерекемен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Канада күні – ұлттық мейрамына орай осы елдің Премьер-министрі Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Руанда Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаме мен оның отандастарын Руанда Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелді қабылдады
Мемлекет басшысына Орталық Азия мен Кавказда жетекші орын алатын Air Astana компаниясының операциялық және қаржылық көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.
Президент «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық гимнастика ұйымдарының жетекшілерін қабылдады
Мемлекет басшысы Халықаралық гимнастика федерациясының президенті (FIG) Моринари Ватанабэмен және Азия гимнастикалық одағының (AGU) президенті Абдулрахман Әл-Шатримен кездесті.
Президент бірқатар актінің күшін жоятын Жарлыққа қол қойды
Қазақстанда 10 мың шақырым автожол мен 124 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Президенттің елдің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда т/ж желілерінің, автожолдар мен авиахабтардың ауқымды құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.
Қазақстанда Конституцияның толыққанды күшіне енуі үшін нормативтік база қалыптастырылды – Әділет министрлігі
Президенттің жаңа конституциялық модельге көшу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда заңнаманы ауқымды түрде жаңғырту басталды. Үкімет отырысында нормативтік базаны жаңа Конституцияға кезең-кезеңімен сәйкестендіру туралы әділет министрі Ерлан Сәрсембаев баяндады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.
Жаңа Конституция қағидаттарын жүзеге асыру: Қазақстанда тағы 18 заңға түзетулер әзірленуде
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Мемлекет басшысының жаңа Конституцияда бекітілген қағидаттарды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлық қорытындысы туралы
АҢДАТПА!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Конституциясы күшіне енді
Бұл күн – еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы. Мемлекеттік басқару жүйесін, жоғары өкілді билік құрылымын және саяси институттардың қызметін жаңғыртуға бағытталған ауқымды өзгерістер орын алады. Ата заң адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, жаңа қоғамдық құндылықтарды орнықтырады, заң үстемдігі мен әділеттілік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді. Жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарына тоқталайық.