Күн жаңалықтары
02.07.2026
Жарияланымдар · 17
Президент «Психологиялық қызмет туралы» ҚР Заңына қол қойды
Мемлекет басшысы Anadolu Group холдингінің төрағасы Камиль Сулейман Языджиді қабылдады
Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және экономиканың түрлі секторындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы AD Ports Group басқарушы және бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Шамисиді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысы алаңында Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті.
Мемлекет басшысы Cameco корпорациясының атқарушы директоры Тим Гитцельді қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим Гитцельмен кездесу өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чоксимен кездесу өткізді
Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының Таяу Шығыс, Түркия және Орталық Азия істері жөніндегі аға вице-президенті Хуш Чоксиді қабылдады.
Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкі осы жылдар аралығында Қазақстанның ұлттық даму басымдықтарын қолдайтын сенімді серіктеске айналғанын атап өтті.
Президент VEON компаниялар тобының бас атқарушы директоры Мухтерем Каан Терзиоглуды қабылдады
Кездесу барысында цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын енгізу мақсаттарына сай телекоммуникация нарығын дамыту перспективасы талқыланды.
Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассоны қабылдады
Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында өткен кездесуде Қазақстан мен қаржы институтының таяу жылдардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және саяси бағытты жаңа талаптарға дер кезінде бейімдеу екеніне тоқталды.
Президент «Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды
Қазақстанда есірткіге қарсы айлық өтті
26 маусым Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай Қазақстанда нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымы ұлттық қауіпсіздікке төнетін басты қатерлердің бірі болып қала беретіні еске салынды. Бұл қауіпке ең алдымен жасөспірімдер мен жастар бейім. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі Қуандық Әлжанов мәлімдеді.
Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр
Қазақстан шетелдік құқық қорғау органдарымен және халықаралық бейінді ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыруда. Бұл, әсіресе, трансұлттық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласына қатысты. Сонымен қатар халықаралық жедел-іздестіру іс-шаралары шекаралас мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп, сондай-ақ ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ның есірткіге қарсы стратегиялары аясында жүргізілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді.
ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 1885 есірткі қылмысының жолы кесілді, оның ішінде бір трансұлттық топты қоса алғанда, алты ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі жойылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі Қуандық Әлжанов мәлімдеді.
Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады
Түркістан облысында жалпы құны 534,2 млрд теңгені құрайтын заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендерін салу бойынша үш ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Олар Қазақстанның маусымаралық кезеңдегі жаңа піскен көкөніске деген сұранысын толық қамтамасыз етпек, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Кәсіби судьялар корпусын қалыптастыру: жүйелі жаңғыртудың нәтижелері және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары
АҢДАТПА!
Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды
Еліміздің біраз өңірлерінде жүргізілген ауқымды реконструкциядан кейін 30 теміржол вокзалы мен жолаушылар инфрақұрылымы нысандары пайдалануға берілді. Жұмыстар Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Бүгін Қазақстанда Дипломатиялық қызмет күні атап өтіледі
Жыл сайын 2 шілдеде қазақстандық дипломаттар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.