Күн жаңалықтары
03.07.2026
Жарияланымдар · 14
Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Олжас Бектенов Президенттің Қазақ ұлттық спорт университетін дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын тексерді
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, Астана қаласында ашылған Қазақ ұлттық спорт университетінің жаңа ғимаратындағы технологиялық жарақтандыру деңгейімен және білім беру жағдайымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Павлодар облысында Ұлттық домбыра күніне орай 5 мыңға жуық оқушы Ахмет Жұбановтың «Би» күйін орындады
Павлодар облысында Ұлттық домбыра күніне орай ауқымды рухани-мәдени іс-шара өтті. Оның аясында өңірдің 5 мыңға жуық оқушысы көрнекті қазақ композиторы, ғалым, Қазақстандағы кәсіби музыкалық білім беру ісінің негізін қалаушылардың бірі Ахмет Жұбановтың «Би» күйін бір мезетте орындап, ұлттық музыка өнеріне құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясат салаларында жаңа Конституция ережелерін жүзеге асыру барысы, сондай-ақ азаматтардың тұрмыс сапасын көтеруді көздейтін мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары баяндалды.
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын жаңа электр станциясының құрылысы басталды
Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын жаңа конденсациялық электр станциясының (КЭС) құрылысы басталды. Сонымен қатар, жобаның басталуына орай уақыт капсуласын салтанатты түрде қалау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Қазақстанда кітап оқуға қызығушылық артып келеді
Қазақстанда мемлекеттік тілдегі әдебиетке қызығушылық артып келеді. Кейінгі бір жылда көпшілік кітапханаларынан оқырмандарға 88,9 млн басылым берілсе, оның 53,4 миллионы немесе 60,1%-ы қазақ тіліндегі әдебиеттер болды. Бұл үрдіс кітапхана қорларының толығуынан да көрінеді. Бір жыл ішінде көпшілік кітапханаларына 906,5 мың жаңа басылым түсіп, соның 662,3 мыңын қазақ тіліндегі кітаптар құрады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Қазақстанда судьяларды іріктеу цифрландырылады және қағаз құжат айналымынан бас тартылады
2025 жылдан бастап Қазақстанда судьялар корпусын қалыптастыру жүйесін кешенді реформалау басталды. Үміткерлерді даярлау, біліктілік емтиханы, конкурстық іріктеу, судьяларды тағайындау және кадрлық процестерді цифрландырудың барлық кезеңі өзгертілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Салтанат Жүніспекова мәлімдеді.
Жоғары Сот Кеңесі кандидаттарды конкурстық іріктеу өлшемшарттарын жетілдіруде
Сот төрелігі академиясы Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына берілгеннен кейін болашақ судьяларды даярлаудан бастап оларды тағайындауға, біліктілігін арттыруға және тәртіптік жауапкершілік мәселелеріне дейінгі бірыңғай кадрлық жүйе қалыптастырылды. 2026 жылы Академияның 88 түлегінің 84-і біліктілік емтиханын сәтті тапсырды, бұл шамамен 96%-ды құрайды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тағайындалған 159 судьяның 82-сі – Сот төрелігі академиясының түлектері. Бұл жайлы ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Жанат Оспанова ОКҚ алаңында айтты.
Болашақ судьялар үшін емтиханнан өту мерзімі қысқартылды
Жоғары Сот Кеңесі судьялық бос лауазымдарды толықтыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Кадрлық саясатты жүйелі жаңғыртудың маңызды нәтижелерінің бірі сот жүйесіндегі кадр тапшылығын азайту болды. Конкурстық іріктеуді ұйымдастыру тәртібі қайта қаралып, бір конкурсты өткізу мерзімі алты айдан бір жарым айға дейін, яғни төрт есеге жуық қысқартылды. Бұл ретте кандидаттарға қойылатын барлық талаптар толық көлемде сақталады. ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Жанат Оспанова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Судьялар тапшылығы мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде
2025 жылы болашақ судьяларды даярлаудан, біліктілік емтиханынан бастап конкурстық іріктеуге, тағайындауға және кадрлық процестерді цифрландыруға дейінгі судьялар корпусын қалыптастырудың бүкіл жүйесін кешенді жаңғырту басталды. Оның басты мақсаты – қоғамның сұранысына және сот төрелігінің сапасына қойылатын жаңа талаптарға сай келетін біртұтас заманауи кадрлық жүйені қалыптастыру. Жүргізіліп жатқан жұмыс судьялар корпусын қалыптастырудың барлық кезеңін қамтиды және кандидаттарды іріктеу сапасын арттыруға, кадрлық шешімдердің объективтілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ соттарды кадрлармен қамтамасыз ету тиімділігін күшейтуге бағытталған. Бұл туралы ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Жанат Оспанова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Кәсіби судьялар корпусын қалыптастыру: жүйелі жаңғыртудың нәтижелері және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары
«Таза Қазақстан» Президент бастамасы Конституцияда белгіленген негізгі қағидат ретінде жүзеге асырылып жатыр — Олжас Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Жиында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысы қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қарағанды облысының ауданында кірпіш зауыты салынды
Осакаров ауданында кірпіш зауытының құрылысы аяқталды. Бұл – құны 1,8 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.
Энергетика министрлігі газдандыру деңгейін 80%-ға жеткізу жөніндегі Жол картасын әзірлеуге кірісті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде елді газдандыру қарқынын жеделдетіп, халықты табиғи газбен қамту деңгейін 80%-ға жеткізуді тапсырды. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі қойылған мақсатқа кезең-кезеңімен қол жеткізуге бағытталған кешенді Жол картасын әзірлеуді бастады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.