Күн жаңалықтары
08.07.2026
Жарияланымдар · 16
Президент бірқатар заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Топырақты қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Павлодар облысындағы ірі өнеркәсіп және энергетика жобаларымен танысты
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары барысында Екібастұз қаласындағы бірқатар ірі өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорынды аралады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Маңғыстау облысында 6 мыңнан астам волонтер әлеуметтік және білім беру бағытындағы бастамаларға үлес қосып келеді
Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған БҰҰ-ның тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы аясындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл бастама елімізде волонтерлер қозғалысының дамуына тың серпін берді. 2026 жылдың басынан бері Маңғыстау облысында халыққа қолдау көрсетуге, қоғамдық белсенділікті арттыруға және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған 300-ден астам іс-шара өткізілді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасының жаңа стандартын енгізеді
Мектеп медицинасын жаңғырту шеңберінде биыл жаңа стандарттар енгізілуде. Олар оқушыларды профилактикалық тексеруден өткізуді цифрландыруды, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарын диагностикалық жабдықтар жиынтықтарымен қамтамасыз етуді және орта буын медицина қызметкерлерін оқытуды көздейді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Олжас Бектенов өңір әкімдеріне гидронысандарды жаңғырту жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Су кеңесінің отырысы өтті. Онда су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің Президенттің су саласын жаңғырту, жаңа су қоймаларын салу, су үнемдеудің озық технологияларын пайдалану жөніндегі тапсырмаларын орындау жөніндегі есептері тыңдалды. Сондай-ақ Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін енгізуге назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Балық шаруашылығындағы жетістіктер және одан әрі дамытудың басым бағыттары
АҢДАТПА!
Түркістан облысында 3 жылда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 5 мыңға жуық жұмыс орны құрылды
Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықтың әл-ауқатын арттыру және ауыл кәсіпкерлігін дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы тұрақты жүзеге асырылып келеді. Жалпы 2023-2025 жылдары жобаны жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен 30,2 млрд теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 2023 жылы 19,8 млрд теңге, 2024 жылы 3 млрд теңге және 2025 жылы 7,4 млрд теңге толық игерілді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Аз зерттелген кен орындарының мұнай-газ әлеуеті жаңа деңгейде бағаланбақ
Қазақстанда 6 млн тонна шартты отын, яғни болжамды ресурстар Шу-Сарысу, Солтүстік Торғай, Сырдария, Арал, Балқаш, Зайсын сынды аз зерттелген шөгінді бассейндерде шоғырланған. Бұл аумақтар бойынша көмірсутектің расталған қорлары жоқ. Себебі олардың нақты әлеуеті заманауи сейсмикалық барлау және іздеу, бұрғылау жұмыстары жүргізілгеннен кейін ғана нақтыланады. ҚР энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді.
Жер қойнауын пайдаланушылар үшін сатып алу тәртібі реттелуде
Елішілік құндылықты дамыту мақсатында Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесіп тұрақты негізде мұнай-газ саласы үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамту үлесін ұлғайту және отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар кешенін іске асыруда. Заңнамалық деңгейде жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларын реттеу тетіктері жетілдірілуде. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске келісімшарттарда жергілікті қамтудың ең аз үлесін міндетті түрде бекітуді көздейтін өзгерістер енгізілді. ҚР энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Биыл жер қойнауын пайдалануға 350 млрд теңге инвестиция тарту көзделген
Бүгінгі таңда елімізде көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану бойынша 317 келісімшарт жасалған. Үш батыс өңірінде барлық келісімшарттың 72%-ы шоғырланған. Мәселен, Атырауда 89, Маңғыстауда 72 және Ақтөбе облысында 66 келісімшарт жасалған. Қызылорда облысында 41 келісімшарт бар. Сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторында 5 келісімшарт қолданыста. Бұны ҚР энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Қарағанды облысында Valley жаңбырлатып суару машиналарының өндірісі жолға қойылады
Өңірде әлемге танымал америкалық Valley брендінің заманауи жаңбырлатып суару машиналарын өндіру жоспарлануда. Бұл жөніндегі келісімге «Имсталькон» зауыты мен Valley компаниясының өкілдері қол қойды. Жоба отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін озық ауыл шаруашылығы техникасымен, қосалқы бөлшектермен және жедел сервистік қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы болып тағайындалды
Денсаулық сақтау министрлігі Балаларға арналған даму және ерте араласу орталықтарының желісін кеңейтуде
Негізгі басым бағыттардың бірі – профилактикалық көмекті дамыту және балалардың дамуындағы бұзылыстарды ерте анықтау. Қазақстанда баланы туған сәтінен бастап ерте жасына дейін кешенді сүйемелдеуге бағытталған «Алғашқы 1001 күн» жобасы іске асырылуда. Жоба патронаж қызметін дамытуды, скринингтік бағдарламаларды кеңейтуді, ана сүтімен қоректендіруді қолдауды және ерте шақтағы балалардың ұлттық тіркелімін қалыптастыруды қамтиды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.