Күн жаңалықтары
09.07.2026
Жарияланымдар · 12
Жамбыл облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды
Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында Жамбыл облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы бастау алды. Өңір әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков өңірде кітап оқу мәдениетін дамыту және жобаны бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 1,7 млн гектар алқапқа өңдеу жүргізілді
Өңірлерде шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. 9-шілдедегі жағдай бойынша болжанған 2,2 млн гектар алқаптың 1,7 млн гектары немесе 76,2%-ы өңделді. Егіс алқаптарын қорғау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Барлық қажетті іс-шаралар уақтылы әрі толық көлемде орындалуда, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Инвесторлармен ынтымақтастық дамудың жаңа кезеңіне қадам басады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында Қазақстан Үкіметі мен халықаралық іскер топтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы инвестициялық мүмкіндіктер қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
ТРМК-нің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы нәтижелері
АҢДАТПА!
ҚҚС-ты 70%-ға төмендету: Қазақстанда балық өңдеуді қолдау күшейтіліп жатыр
2028 жылға қарай Қазақстан балық өсіру көлемін 2,5 есеге арттыруды, 800-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуды және жан басына шаққандағы балық тұтынуды екі еседен астамға (4-тен 9 кг-ға дейін) өсіруді жоспарлап отыр. Бұл үшін салаға инвестиция тартылып, мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов мәлімдеді.
Балық шаруашылығы саласында инвестициялар көлемі шамамен 60 млрд теңгені құрайтын 41 ірі жобадан тұратын пул жасақталды
Қазақстанда Каспий итбалығын сақтау мақсатында 2024 жылдың қазан айында «Каспий итбалығы» табиғи резерваты құрылды және бүгінге дейін оны кеңейту мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр. Каспий теңізінде сирек кездесетін бекіре тұқымдас балықтардың қорын толықтыру үшін Атырау бекіре балық өсіру зауытын «Жаңаталап» және «Еркінқала» учаскелерінде жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов ОКҚ алаңында хабарлады.
Қазақстанда балық өнімдерінің көлеңкелі айналымы E-fish цифрлық жүйесінің көмегімен қысқартылып жатыр
Қазақстанда жыл басынан бері балық шаруашылығы саласында 2,7 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды. Құқық бұзушыларға шамамен 55 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, заңсыз ауланған 15 тоннадан астам балық тәркіленді. Сонымен қатар браконьерлікпен күрес мақсатында цифрлық құралдарды енгізу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов мәлімдеді.
Елімізде 2030 жылға дейін балық өсіру көлемін 270 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарда бар
Балық шаруашылығы – экономикалық өсудің жоғары әлеуеті ретінде агроөнеркәсіптің маңызды салаларының бірі. 2020 жылға дейін балық шаруашылығының қарқынды дамуына тежеу болған кейбір қиындықтар болған. Оның ішінде құқықтық базаның жеткіліксіздігі, көлеңкелі айналым, инвестициялық қызығушылықтың төмендігі, мемлекеттік қолдаудың аздығы, жеңілдетілген несие берудің жоқтығы, балық ресурстарын жаңғырту кешендерінің ескіргендігі сынды мәселелер бар. Осыған байланысты, 2021 жылдың сәуір айында Үкімет 2030 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын қабылдады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Экология министрлігі: орман өрттерінен қорғауды күшейтуге 16,9 млрд теңге бағытталды
ҚР Президентінің «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Жасыл даму» АҚ орман қоры, мемлекеттік табиғи аумақтар мен ұлттық парктерді өрттен қорғауды күшейтуге кәдеге жарату төлемі қаражаты есебінен 16,9 млрд теңге бағыттады. Қаражат орман өрттерін ерте анықтаудың заманауи жүйелерін енгізуге, ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондар) сатып алуға, бейнебақылау, байланыс және деректерді беру жабдықтарын жаңартуға, сондай-ақ қажетті инфрақұрылымды дамытуға жұмсалды. Бұл жүйелер бағдарламалық және техникалық шешімдерді біріктіріп, қорғалатын аумақтарды тәулік бойы бақылауға және өрт белгілері анықталған жағдайда ақпаратты жедел жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы жылу магистралі құрылысына 650 млн теңгеге жуық қаржы бөлді
Үкімет қаулысымен резервтен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы жылу магистралінің құрылысын аяқтауға шамамен 650 млн теңге бөлінді. Жүйелі жаңғырту Мемлекет басшысының Парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздің энергетикалық және инфрақұрылымдық әлеуетін нығайту жөнінде берген тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Бүгін табиғи монополиялар саласының жұмыскерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді
Бүгін Қазақстанда Су шаруашылығы жұмыскерлері күні атап өтіледі
Жыл сайын 9 шілдеде су шаруашылығы жұмыскерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.