Күн жаңалықтары
10.07.2026
Жарияланымдар · 10
Мемлекет басшысы АҚШ Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады
Мемлекет басшысы биылғы бірінші жартыжылдықтағы агроөнеркәсіп кешенінің даму қорытындысы туралы есепті тыңдады.
Қазақстанда алғаш рет балық жемін шығаратын зауыт құрылысы басталды
Қазақстанда алғаш рет экструдирленген балық жемін өндіретін зауыттың құрылысы басталды. Аквашаруашылық саласы үшін стратегиялық маңызы бар жобаның қуаттылығы жылына 25 мың тонна. Аталған жоба балық шаруашылығының тұрақты дамуына, импортқа тәуелділікті төмендетуге және отандық өндірістің әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында жол қызметтері республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жалғастыруда
Қазақстанда автомобиль жолдарын дамыту тек көлік инфрақұрылымын жаңғыртумен ғана шектелмейді. Бұл бағытта қоршаған ортаны қорғау, табиғи тепе-теңдікті сақтау және жол бойындағы аумақтарды абаттандыру жұмыстары да жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Осы орайда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын көгалдандыру, абаттандыру және олардың тазалығын қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Үкіметте Алатау қаласы кеңесінің отырысы өтті
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласы кеңесінің отырысы өтті. Онда «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын жүзеге асыру және жаңа қаланы одан әрі дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
ЕАЭО шеңберінде 53 техникалық регламент қабылданды
Қазақстанда Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорында стандарттау бойынша 76 мыңға жуық нормативтік құжат бар. Биыл Стандарттаудың ұлттық жоспарына сәйкес 57 стандартты әзірлеу жоспарда бар. Мәселен, электркөліктерге арналған электрзарядтау станцияларын метрологиялық қамтамасыз ету, транзиттік әлеуетті іске асыру үшін рефрижераторлық жүктерді жеткізу, органикалық өнімді сертификаттау және жабайы өсіп тұратын органикалық шикізатты жинау, үй салу комбинаттарына арналған стандарттар әзірленді. ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Қасымов ОКҚ брифингінде осылай деді.
Техникалық реттеу саласында мемлекеттік бақылау күшейтілді
Елімізде техникалық реттеудің басты міндеттері азаматтардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіруі мүмкін сапасыз өнімнен тұтынушыларды қорғау, сондай-ақ қазақстандық өндірушілердің бәсекелелік артықшылықтарын арттыру болып табылады. Ішкі нарықтағы тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру жөніндегі міндеттерді іске асыру өнімнің қауіпсіздік талаптарын техникалық регламенттерде белгілеу, өнім сапасына және сынақ әдістеріне қойылатын талаптарды стандарттарда бекіту, сондай-ақ зертханаларда тауарларды сынау және сертификаттау арқылы жүзеге асырылады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік бақылау жүргізіледі. ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Қасымов ОКҚ алаңында саладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайында баяндады.
Инфляцияның баяулауы халықтың нақты табысының жыл ішінде алғаш рет оң динамикаға шығуына ықпал етті
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық статистика бюросының деректері негізінде 2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша халықтың нақты ақшалай табыстарының динамикасын талдады. Қазақстан халқының нақты ақшалай табысы соңғы жылы алғаш рет оң серпінге шықты. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ол 0,1%-ға өсті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.