Күн жаңалықтары
13.07.2026
Жарияланымдар · 10
Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне және оның әулетіне Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің дүниеден озуына байланысты көңіл айту үшін Дохаға барды.
233 мың талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды
233 мыңға жуық талапкер 2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. Оның ішінде 73,1%-ға жуығы қазақ тілінде, 26,8%-ы орыс тілінде, 383 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі ұсынылды. Осылайша, 233 мың талапкер ҰБТ-ны 422 мың рет тапсырды (2025 жылы 210 мың талапкер ҰБТ-ны 381 мың рет тапсырды), деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының биылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есепті тыңдап, экономиканы одан әрі әртараптандыру жоспарымен танысты.
Жетісу облысының тағы 9 елді мекені табиғи газға қосылды
Мемлекет басшысының елді газдандыру деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында халықтың табиғи газға қолжетімділігін кеңейту жұмыстары жалғасуда. Бүгіннен бастап Жетісу облысы Кербұлақ ауданының тағы 9 елді мекенінің тұрғындары табиғи газды пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Олар: Байғазы, Тастыбастау, Алтынемел, Ақбастау, Доланалы, Жаңалық, Жайнақ батыр, Шаған және Тастыөзек ауылдары, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Мемлекет басшысы Черногория Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Черногорияның Мемлекеттілік күніне орай Президент Яков Милатовичті құттықтады.
Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері туралы
АҢДАТПА!
Грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды
2026 жылғы 13 мен 20 шілде аралығында талапкерлерден гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады. Құжаттарды жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді
Қазақстан құрамасы физикадан ең беделді халықаралық білім додасында ел тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. 2026 жылғы 4-12 шілде аралығында Колумбияның Букараманга қаласында өткен 56-шы Халықаралық физика олимпиадасында (International Physics Olympiad, IPhO) ұлттық құраманың бес мүшесі де алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Үкімет Астананың инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға 16,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлді
Мемлекет басшысының Астанадағы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет резервінен Астананың инженерлік және энергетикалық желілерін дамытуға қаржы бөлінді. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов тиісті қаулыларға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Бүгін Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні атап өтіледі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні жыл сайын 13 шілдеде атап өтіледі.