Күн жаңалықтары
14.07.2026
Жарияланымдар · 12
Мемлекет басшысы Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады
Әңгімелесу барысында Президент бауырлас Қырғызстанмен достықты, тату көршілікті, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Хатшылық басшысы Қанатбек Жайсанбаевты қабылдады
Мемлекет басшысына Қазақстан Халық Кеңесі мен оның Хатшылығын құру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы есеп берілді.
Отбасымен бірге оқуға жиі таңдалатын 10 кітап анықталды
Елімізде кітап оқу мәдениетін дамытумен қатар, отбасымен бірге кітап оқу дәстүрін жаңғыртуға да ерекше мән беріліп келеді. Бұл игі үрдіс ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, баланың бойына кітапқа деген сүйіспеншілікті дарытып қана қоймай, отбасы мүшелерін ортақ құндылық төңірегінде біріктіреді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды ұлттық мереке – Бастилияны алу күнімен құттықтады.
Грузияға жаңа әуе бағыты ашылуда
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Үкімет экономика салаларындағы әлеуетті тиімді пайдалануға басымдық беріп отыр — Олжас Бектенов
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2026 жылғы қаңтар-маусым айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Жиында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, салалық министрліктердің басшылары мен өңір әкімдері баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру қазақстандықтарға шамамен 4 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді
Қазақстанда атқарушылық іс жүргізу цифрлық форматқа көшірілді. Барлық негізгі процестер мемлекеттік цифрлық жүйе арқылы жүзеге асырылады, мемлекеттік органдармен мәлімет алмасу автоматтандырылған. Сонымен қатар заманауи цифрлық шешімдер белсенді түрде енгізілуде. Бұл туралы ҚР әділет вице-министрі Даниель Ваисов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Қазақстанда атқарушылық іс жүргізудің жаңа қағидалары күшіне енді
Қазақстанда айыппұлдар мен салық берешегін өндіріп алудың жеңілдетілген тәртібі кеңейтіліп, атқарушылық іс жүргізу барысында азаматтардың құқықтарын қорғау күшейтіледі. Бұл туралы ҚР әділет вице-министрі Даниель Ваисов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Қазақстанның республикалық бюджетінің кірісі 24,6%-ға өсті
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің кіріс бөлігі толық көлемде атқарылды, ал мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы қаржыландырылды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.
Елімізде халықтың нақты табысы мен жұмыспен қамтылуы өсті
Халықтың нақты табысы 0,1%-ға өсті, ал экономикадағы жалпы жұмыспен қамту 9,4 млн адамға жетті. Бұған жылдық инфляцияның баяулауы ықпал етті, ол маусым айында 10,3%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.
Оқу-ағарту министрлігі балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша кешенді жұмысты жалғастыруда
Оқу-ағарту министрлігі балалардың қауіпсіз, сапалы әрі мазмұнды жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша кешенді жұмысты жалғастыруда. 2026 жылы жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен 3 миллионнан астам баланы қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде 600 мыңға жуығы - әлеуметтік осал санаттағы балалар, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстанда 14 шілдеде Нотариат күні атап өтіледі
Бүгін қазақстандық нотариустар өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді.