Күн жаңалықтары
15.07.2026
Жарияланымдар · 7
2026 жылғы маусымда Электрондық еңбек биржасында 109 мыңға жуық бос жұмыс орны жарияланды
2026 жылғы маусымда Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 108,7 мың бос жұмыс орнын жариялады, ал жұмыс іздеушілер 126,7 мың түйіндеме орналастырды. Мамыр айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 25,4%-ға, ал түйіндемелер саны 38,3%-ға артты. Платформадағы еңбек нарығы мамыр мерекелеріне тән маусымдық бәсеңдеуден кейін қайта жанданды. Жұмыс күшінің артуына еңбек нарығына оқу орындарының түлектерінің шығуы да ықпал етті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкер саны 1776-ға жетті
Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлердің саны артуда. 2026 жылғы II тоқсанда Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімінде 1 776 кәсіпкер тіркелген. I тоқсанмен салыстырғанда тізілімдегі субъекті саны 11,2%-ға өскен, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
«Алматы – Қаскелең» автожолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі жүрек-қантамыр ауруларын ерте анықтау жұмыстарын күшейтуде
2025 жылы артериялық гипертония мен жүректің ишемиялық ауруын ерте анықтауға бағытталған скрининг шеңберінде 1,7 миллион адам тексеруден өтті. Нәтижесінде 114 мыңнан астам азаматта қанайналым жүйесі аурулары ерте сатысында анықталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Ауыл халқының 62,1%-ы спорт инфрақұрылымымен қамтылған
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Туризм және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, спорт инфрақұрылымын дамыту және халықтың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Қазіргі таңда елімізде 26 518 спорт нысаны жұмыс істейді. Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтылу деңгейі 59,6%-ды құрайды. Ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 62,1%-ға жеткен. Бұл өңірлерде спорт нысандары желісінің тұрақты түрде кеңейіп келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
ҰБТ-2026 қорытындысы
АҢДАТПА!
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында Халықаралық волонтерлер жылы аясында 1000-нан астам іс-шара өтті
Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ-ның тұрақты даму мақсатында жариялаған Халықаралық волонтерлер жылы аясында бірқатар іс-шара өтіп жатыр. Атаулы жылдағы бастамалар Солтүстік Қазақстан облысында да кең қолдау тауып отыр. 2026 жылдың басынан бері өңірде волонтерлердің қатысуымен 1050-ден астам іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.