Күн жаңалықтары
16.07.2026
Жарияланымдар · 13
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект жөніндегі конференцияға қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы іс-шараның Шығыстың інжу-маржаны – Шанхай қаласында ұйымдастырылуы символдық мәнге ие екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Guoyou компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Юй Боянды қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Guoyou Materials Industry Group Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Юй Боян порт инфрақұрылымы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық перспективасын талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев China Communications Construction Company президенті Чжан Биньнаньді қабылдады
Кездесуде еліміздің көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін нығайту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды.
Мемлекет басшысы CATL директорлар кеңесінің теңтөрағасы Пань Цзяньды қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Contemporary Amperex Technology Co. Ltd. (CATL) директорлар кеңесінің теңтөрағасы Пань Цзяньмен жоғары технология саласындағы ұзақмерзімді ынтымақтастық перспективасын талқылады.
Мемлекет басшысы Xiaomi корпорациясының президенті Лу Вэйбинмен кездесті
Жоғары технологиялар саласында әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын компанияның жетекшісімен әңгімелесу барысында өзара тиімді ынтымақтастық перспективасы талқыланды.
Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері 10 тамызға дейін белгілі болады
Биыл шілденің 13-інде жоғары білім алуға берілетін мемлекеттік грант конкурстарына қатысу үшін құжат қабылдау басталды. Құжаттарды 20 шілдені қоса алғанда, жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн және жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн, сондай-ақ eGov.kz порталы арқылы тапсыруға болады. ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
ҰБТ-дан кейін әрбір қатысушы өз нәтижелеріне тақырыптық талдау ала алады
2021 жылдан бастап ҰБТ электрондық форматқа көшті. Оның бір артықшылығы – әрбір талапкер тестілеу аяқталғаннан кейін өзінің нәтижелері бойынша тақырыптық талдауға қол жеткізе алады. Егер бұрын тек дұрыс және қате жауаптар көрсетілсе, бүгінде қатысушылар әр пән бойынша қай тақырыптарды жақсы меңгергенін және қай бағыттарда білімін толықтыру қажет екенін көре алады. Тақырыптық талдау тест аяқталған сәттен бастап жеке кабинетте қолжетімді болады. Егер талапкер нәтижелермен келіспесе, апелляцияға бере алады. Ол сұрақтардың мазмұнына және техникалық себептерге қатысты болады. Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова ОКҚ алаңында хабарлады.
Биыл негізгі ҰБТ-ға 233 мың талапкер қатысты
Биыл еліміздің мектеп түлектеріне 5 рет ҰБТ тапсыру мүмкіндігі берілді. Ал негізгі ҰБТ 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтті. Өтініштер сәуір айында қабылданды. Тестілеуге 233 мың талапкер қатысты. Орташа балл 69-ға тең болып, былтырғы көрсеткіштерге сай келді. ҰБТ-ға қатысқан талапкерлердің 76%-ға жуығы шектік балл жинады. ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен кездесті
ҚХР бизнес өкілдерімен «дөңгелек үстел» форматында өткен кездесуде Президент қытайлық серіктестерге шынайы ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікке жоғары баға берді.
6 айда Skills Enbek платформасында 89 мыңнан астам қазақстандық онлайн оқудан өтті
Жыл басынан бері Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (Платформа) онлайн курстарды аяқтағаны туралы сертификатты 89,8 мың азамат алды. Платформа іске қосылғаннан бері онда 1,3 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген, оның 129,3 мыңы биыл қосылды. Осы уақытқа дейін берілген сертификаттардың жалпы саны 1 млн 280 мыңға жетті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жыл соңына дейін каналдарды реконструкциялау арқылы 200 мың гектарға жуық суармалы жердің сумен қамтылуы жақсарады
Елімізде ұзындығы 4,6 мың шақырымнан асатын суару каналдарын реконструкциялау және жаңғырту жобаларын жүзеге асырылып жатыр. Осы жылдың қорытындысы бойынша 962 шақырым каналды пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өз кезегінде 200 мың гектарға жуық суармалы жердің сумен қамтылуын жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
2026 жылдың І жартыжылдығында Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 9%-ға артты
2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 18,7 млн тоннаға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға артты, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Қазақстанда жасалған: ішкі өндіріс халықты жұмыспен қамтып, нарықтағы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономиканы терең әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Үкімет өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту бойынша жүйелі шаралар қабылдап келеді. Бүгінде Президент тапсырмасына сәйкес негізгі басымдықтар экономикалық патриотизмді дамытуға, қазақстандық тауар өндірушілердің әлеуетін барынша ашуға және жоғары деңгейде өңделетін өнім шығаратын ірі өндірістерді іске қосуға бағытталған, деп хабарлайды Primeminister.kz.