Күн жаңалықтары
17.07.2026
Жарияланымдар · 12
Қазақстанда цифрлық трансформация стратегиясы аясында 50-ден астам ЖИ-агент енгізілді
Қазақстан экономиканың негізгі секторларына жасанды интеллект технологияларын енгізе отырып, цифрлық трансформацияны жеделдетуде. Еліміз мемлекеттік басқару мен бизнеспен өзара іс-қимылдың негізі ретінде ЖИ-ді таңдап, AI-First архитектурасына көшуде. Қазіргі таңда өнеркәсіп пен энергетикадан бастап денсаулық сақтау мен білім беруге дейінгі 72 саланы қамтитын цифрлық трансформацияның 20 картасы бекітілді. Бұл бюрократиялық рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетуге және кәсіпкерлердің шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа Премьер-министрімен кездесті
Шанхайда өткен Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференция аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетпен кездесті.
Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрімен кездесу өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайдағы жұмыс сапары аясында Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулмен кездесті.
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне қатысты. Шанхайда өтіп жатқан дәстүрлі жиын биыл «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналып отыр.
Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды
ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау
АҢДАТПА!
Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды
Жыл соңына дейін Солтүстік Арал теңізіне тағы 1,2 млрд текше метр су жіберіледі
Қазақстанда Солтүстік Арал теңізін сақтау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Осы мақсатта Дүниежүзілік банкпен бірлескен жобаның екінші кезеңі әзірленді. Ол Көкарал бөгетін реконструкциялап, теңіздегі су деңгейін көтеруге және су көлемін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Шығыс Қазақстанда «Кітап оқитын ұлт» жобасының жаңа кезеңі басталды
Шығыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының 2026 жылғы 16 наурыздағы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зияткерлік ұлт қалыптастыру туралы» Жарлығын іске асыру аясында жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» ұлттық интеллектуалдық жобасының жаңа кезеңі басталды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды
Өмір сапасын жақсарту, ауылды қолдау және адам капиталына инвестиция: Үкімет әлеуметтік озық жүйені қалай қалыптастырып жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың әл-ауқатын жақсартуды, сапалы білім мен денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуді және ауылдық елді мекендерді жан-жақты қолдауды мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары ретінде айқындады. Әлеуметтік саладағы негізгі тетіктер, атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен ұзақмерзімді жобалар туралы Primeminister.kz. редакциясы жариялаған шолудан оқи аласыздар.