Күн жаңалықтары
20.07.2026
Жарияланымдар · 9
Мемлекет басшысы Испания Королі VI Фелипеге құттықтау жеделхатын жолдады
Қазақстан Президенті Король VI Фелипе мен барша испан халқын Испания ұлттық құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен және екі дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтады.
Алматы – Бішкек автожолын кеңейту жобасы басталды
Алматы облысының Қарасай ауданында республикалық маңызы бар Алматы – Бішкек автомобиль жолының 19–27 шақырым аралығын қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары басталды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік инфрақұрылымын дамыту және автомобиль жолдарының өткізу қабілетін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.
Мемлекет басшысының Шанхайға сапары: әлемдік БАҚ-тар не жазды
Kazinform агенттігі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шанхайға сапары туралы жазған әлемдік басылымдарға шолу жасады.
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: еліміздің өңірлерінде жаңа зауыттар, логистикалық хабтар мен әлеуметтік нысандар іске қосылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында өңірлерінде экономиканы әртараптандыру, өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және импортты алмастыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтқанда, жаңа өндіріс орындары, логистикалық және әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Киберқауіпсіздік және телекоммуникация салаларындағы жаңашылдықтар туралы
АҢДАТПА!
Қазақстанда креативті индустрия өкілдеріне арналған бірыңғай QazaqCreative цифрлық платформасы іске қосылды
Креативті индустрияларды дамыту қоры QazaqCreative бірыңғай цифрлық платформасын іске қосты. Жаңа цифрлық платформа креаторларға мемлекеттік қолдау тетіктерін бір жүйе арқылы пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Қазақстанда егін орағы науқаны басталды
Қазіргі уақытта Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының, Жетісу облысы мен Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері егін орағы науқанына кірісті. Жоғары қарқынмен басталған науқанның алдын ала мәліметтеріне қарағанда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда егіс алқаптарының өнімділігі едәуір артқаны байқалады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстандық оқушылар халықаралық экономика олимпиадасында бес медаль жеңіп алды
Қытай Халық Республикасының Сучжоу қаласында 12-20 шілде аралығында өткен экономикадан халықаралық олимпиадада (International Economics Olympiad, IEO 2026) қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетті. Әлемнің 61 елінен 300-ге жуық дарынды оқушы қатысқан беделді білім додасында Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
ТКШ саласын жаңғырту, транзитті дамыту және ауылды қолдау: Үкімет Президент тапсырмаларын жүзеге асыруда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында инфрақұрылымдық дамуды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына заманауи технологиялар енгізуді басты басым бағыттардың бірі ретінде айқындады. Бүгінде Үкімет жекелеген нысандарды жөндеу тәжірибесінен бас тартып, желілер мен магистральдарды жүйелі түрде жаңартуға көшуде. Инфрақұрылымның негізгі салаларындағы жұмыс нәтижелері мен алдағы жоспарлар Primeminister.kz шолуында қамтылған.