Күн жаңалықтары
21.07.2026
Жарияланымдар · 12
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды
Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешені тиімділігін арттыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге бағытталған жүйелі шаралар қабылданып келеді. Өсімдіктерге мониторинг жүргізу және қорғаудың заманауи тәсілдерін енгізу, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Primeminister.kz.
«Кітап оқитын ұлт» марафоны бір миллионнан астам адамды қамтиды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Креативті индустрияларды дамыту қоры мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры ұлттық әдебиетті қолдау, оқырман қатарын арттыру және отандық кітап индустриясын дамыту бағытында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталмыш бастама Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында қолға алынып отыр. Бұл елдегі кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттайтын маңызды жобалардың біріне айналмақ, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Әскери және азаматтық білім беру жүйелерінің интеграциясы мамандарды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді
Әскери білім берудегі маңызды бағыттардың бірі – жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен әскери медицина, дене шынықтыру және спорт, аударма ісі, әскери оркестр және дирижерлік қызмет, әскери құрылыс және басқа да мамандықтар бойынша бірлескен білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда. Әскери және азаматтық білім беру әлеуетін ықпалдастыру мамандар даярлаудың сапасын арттырып, ғылыми-зерттеу базасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, полковник Мұрат Олжабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Әскери білім беру жүйесіне озық цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр
Отандық әскери институттар бөлімшелерді басқару, логистика, инженерлік қамтамасыз ету, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, әскери психология, тәрбие жұмысы, дене даярлығы, авиация және әуе шабуылына қарсы қорғаныс бағыттары бойынша офицерлерді даярлайды. Жоғары технологиялық бағыттарды дамытуға ерекше басымдық берілуде. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, полковник Мұрат Олжабаев ОКҚ алаңында мәлімдеді.
Елімізде сержанттық құрамнан бастап офицерлер мен әскери ғалымдарға дейінгі кәсіби өсудің үздіксіз жүйесі қалыптасты
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудің негізгі тетіктерінің бірі болып саналатын әскери білім беру жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту саясатын дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінде жүйеге Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің бірыңғай нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік кеңістігінде жұмыс істейтін 9 әскери оқу орны кіреді. Мамандарды даярлау техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары білім, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру магистратура және докторантура деңгейлері бойынша жүзеге асырылады. Осылайша, сержанттық құрамнан бастап офицерлер мен әскери ғалымдарға дейінгі кәсіби өсудің үздіксіз жүйесі қалыптастырылды. ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, полковник Мұрат Олжабаев ОКҚ брифингінде осылай деді.
Алаяқтардан қалай қорғануға болады: қазақстандықтар үшін тегін курстар ашылды
Қазақстанда кибералаяқтыққа қарсы іс-қимыл шаралары қабылданып жатыр. Былтыр байланыс операторлары жанынан антифрод-жүйелер құруды көздейтін заңнамалық түзетулер пакеті қабылданды. Алайда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, алаяқтық схемалар үнемі жетілдіріліп отырады. Сондықтан техникалық және құқықтық шаралармен қатар халықтың киберсауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында вице-министр Досжан Мұсалиев мәлімдеді.
Қазақстанда байланыс саласындағы жаңа ережелер күшіне енеді
Қазақстанда тамыз айының соңында телекоммуникация саласындағы заңнамалық өзгерістер күшіне енеді. Мемлекет басшысы 19 маусымда қол қойған заң байланыс қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған шараларды көздейді. Атап айтқанда, азаматтарға eGov, eGov Business, eOtinish және Aitu сияқты бірқатар әлеуметтік маңызы бар және мемлекеттік мобильді қосымшаларды тегін пайдалану мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар абоненттік құрылғыларды верификациялау қызметі мемлекеттік реттеуге өтеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында вице-министр Досжан Мұсалиев мәлімдеді.
Қазақстандықтардың дербес деректерінің таралуы туралы ақпаратты енді азаматтардың өздеріне хабарлау міндетті болады
Қазақстанда алғаш рет жұмыс берушілер қызметкерлерді киберқауіпсіздік және кибермәдениет негіздеріне оқытуға міндеттелді, ал цифрлық жүйелердің иелері олардың қорғалу деңгейіне жыл сайын аудит жүргізуге тиіс болады. Бұл және басқа да жаңашылдықтар Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында қабылданған Цифрлық кодекс пен «Киберқауіпсіздік туралы» заңда көзделген. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев мәлімдеді.
Қазақстанда инженерлік білім берудің жаңа моделі құрылуда
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында автомобиль өнеркәсібі үшін инженерлік кадрларды даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бүгінгі таңда Министрлік цифрлық өндірісте, роботтандырылған жүйелерде және жасанды интеллект технологияларымен жұмыс істей алатын инженерлерді даярлау жүйесін қалыптастырып келе жатыр, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.
Президент Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы бұл Бельгия халқының бірлігін айшықтайтын айтулы күн екенін атап өтті.
Қазақстанда 2028 жылға дейін пилотсыз жүк тартқыш көліктер мен үш жаңа маркалы автомобильдер өндірісі іске қосылады
Қазақстанда шығарылатын көліктер желісі кеңейтіліп, автозауыттарда жасанды интеллект технологиялары белсенді енгізіле бастайды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.
Үкімет 2028 жылға дейінгі көлеңкелі экономикаға қарсы кешенді іс-қимыл жоспарын бекітті
Мемлекет басшысының экономикалық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Жоспарды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірледі. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.