Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

22.07.2026

Жарияланымдар · 11

Қазақстанда денсаулық сақтау ресурстарын басқарудың бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылды

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте біріктіретін Зияткерлік денсаулық сақтау платформасы (Health Intelligence Platform). Платформаны құру Мемлекет басшысының денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау жөніндегі тапсырмаларын іске асырудағы маңызды қадам болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

17:03Президенттің тапсырмалары

25 шілдеде тамыз ҰБТ-сына өтініш қабылдау басталады

25 шілдеде тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуға өтініш қабылдау басталып, 5 тамызға дейін жалғасады. Өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO.kz мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Тестілеудің өзі 10-15 тамыз аралығында өтеді, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

16:13Жаңалықтар

Павлодар облысында Қарасор станциясының теміржол вокзалы жаңғыртудан кейін ашылды

Павлодар облысында Қарасор станциясының теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Жаңартылған нысан қауіпсіздік, жайлылық және қолжетімділік бойынша заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Бұл жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

14:57Президенттің тапсырмалары

ҚР қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту

АҢДАТПА!

14:38Баспасөз хабарламалары

Қазақстан электрондық үкімет бойынша әлемнің ең үздік 25 елінің қатарына кірді

Қазақстан Республикасының Үкіметі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (ЖИЦДМ) арқылы елімізді технологиялық тұрғыдан трансформациялауға бағытталған ауқымды жұмысты қолға алды. 2026 жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей тапсырмаларына сәйкес жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іргелі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру кезеңінің бастауына айналды. Биыл 8 стратегиялық бағыт пен 100 бастамадан тұратын іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға басымдық берілді. Бүгінде Үкімет мемлекеттік қызметтерді түпкілікті цифрландыру және GovTech 3.0 моделіне көшумен қатар, телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытып, IT саласына жүйелі қолдау көрсетуде, серпінді салалық жобаларды іске қосып келеді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

12:46Президенттің тапсырмалары

Қазақстандық өнерпаздар «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде екі жүлде иеленді

Қазақстандық әншілер Ақерке Амалят пен Жасмина Түзелова XXXV «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалі аясында өткен ән байқауларында жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

12:16Жаңалықтар

Қазақстанда жыл басынан бері 250 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Елімізде жұмыспен қамту саласында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар оң нәтижесін көрсетуде. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 249 598 адам жұмысқа орналастырылды. Жыл басынан бері 96 415 қазақстандық тұрақты жұмысқа орналасты. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тұрақты жұмыс орындарына орналасқан азаматтар саны 30 мыңнан астам адамға артқан. Бүгінде жұмысқа орналасқандардың басым бөлігі тұрақты жұмыспен қамтылып, тұрақты табыс пен толық әлеуметтік кепілдіктерге ие болып отыр, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

11:05Жаңалықтар

Жаңғырту және мемлекеттік қолдау шаралары

АҢДАТПА!

10:27Баспасөз хабарламалары

Қазақстанның энергетика саласында энергия объектілерін мониторингтеуге арналған ЖИ технологиялары енгізілуде

Цифрландыру жылы аясында Қазақстанның энергетика саласында заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары жалғасуда. Энергетика министрлігі энергетикалық инфрақұрылымның сенімділігін, өндірістік процестердің тиімділігін және персоналдың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған цифрлық трансформацияға ерекше назар аударады. Осы бағыттардың бірі – «Самұрық Энерго» АҚ іске асырып жатқан энергетикалық инфрақұрылымды мониторингтеуге арналған жасанды интеллект технологиялары мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

10:01Президенттің тапсырмалары

Үкімет Алакөл көлінде жағалауды қорғайтын бөгет салуға 3 млрд теңге бөлді

Мемлекет басшысының су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Жетісу облысы Алакөл көлі жағалауын қорғайтын бөгет салу жобасын жүзеге асыруға Үкімет резервінен 3 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:17Президенттің тапсырмалары

Президент жаңа елшілерді тағайындады

09:08Мемлекет басшысының қызметі