Күн жаңалықтары
23.07.2026
Жарияланымдар · 11
Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды
Алматы облысындағы Жетісу станциясы теміржол вокзалының реконструкциясы аяқталды. Жаңартылған нысан жолаушылар үшін кең, заманауи әрі жайлы болып, қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптарына толық сай келеді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Олжас Бектенов Маңғыстау облысының логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының өңірдің экономикалық әлеуетін нығайту және негізгі инфрақұрылымдық жобаларды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Атап айтқанда, Премьер-министрі Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту және отандық өндірістік қуаттарды кеңейту бағытындағы жобалармен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
16 мыңнан астам қазақстандық қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берген
Қазақстанда соңғы үш жылда қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берген азаматтар саны тұрақты түрде артып келеді. Бұл туралы ҚР ДСМ Трансплантаттау және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры Айдар Ситказинов ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді.
Қазақстанда ағза донорлығы мен трансплантация жүйесі дамып келеді
Қазақстандағы ағза донорлығы жүйесі 40-тан астам донорлық ұйымды, 5 HLA-зертхананы және 11 трансплантация орталығын біріктіреді. Өткен жылдан бері трансплантация орталықтарының саны 9-дан 11-ге дейін артты. Атап айтқанда, Алматы қаласында бірқатар клиника лицензия алып, жүрек трансплантациясымен айналыса бастады. Сонымен қатар Шымкент, Қызылорда және Ақтөбе қалаларында өңірлік трансплантация орталықтарының желісі дамып келеді. Бұл туралы ҚР ДСМ Трансплантацияны және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының директоры Айдар Ситказинов ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.
Қазақстандық оқушылардың халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері және дарынды балаларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы
АҢДАТПА!
Реновациялау бағдарламасы аясында тұрғындар өз пәтерлерін «бөлмеге - бөлме» қағидаты бойынша тапсыра алады
Биыл Қазақстанда 224 көппәтерлі тұрғын үйді бұзу жоспарда бар. Қазір әкімдіктер апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу, сондай-ақ осындай үйлердің меншік иелерін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтемақы төлеу және қайталама нарықтағы тұрғын үйлерді сатып алу арқылы қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде. Бұл ретте Тұжырымдамада және жергілікті деңгейде бекітілген реновациялау бағдарламаларында көзделген тетіктер қолданылуда. Бұны ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Елімізде реновациялауды іске асырудың нарықтық тетігі іске қосылмақ
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, елімізде шамамен 4 мыңнан астам тозығы жеткен және апатты көппәтерлі тұрғын үй тіркелген. Алдын ала бағалауға сәйкес, апатты және ескі тұрғын үйлердің барлық меншік иелерін көшіру үшін шамамен 3,2 трлн теңге көлемінде инвестиция қажет. Осыған байланысты, реновациялаудың тиімді тетіктерін іске асыру, жеке инвестицияларды тарту және қалалық ортаны дамытудың заманауи тәсілдерін енгізу құрылыс және урбанизацилау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің біріне айналуда. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Адам саудасы ұйымдасқан қылмыстың бір түрі ретінде
АҢДАТПА!
Қазақстанда ресми жұмыспен қамтылғандар саны 150 мыңға жуық адамға артты
Ресми еңбек нарығы нығайып, азаматтарды тұрақты жұмыспен және әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету деңгейі артып келеді. Қазақстанда еңбек нарығындағы оң үрдіс сақталуда. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 9 млн 392 мың адамға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,5 мың адамға артты. Өсімнің негізгі үлесі еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлер санының көбеюі есебінен қамтамасыз етілді. Олардың саны 7 млн 140,9 мыңнан 7 млн 290,4 мың адамға дейін өсіп, шамамен 150 мың адамға ұлғайды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Үкімет жаңа KazSat-3R ғарыштық байланыс жүйесін құруға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
Мемлекет басшысының ұлттық цифрлық инфрақұрылымды дамыту және азаматтарды заманауи телекоммуникациялық қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет резервінен KazSat-3R ғарыштық байланыс жүйесін құру жобасын жүзеге асыруға 10,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жоба ұлттық спутниктік байланыс жүйесі мен телекоммуникация саласын дамытуға бағытталған. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.