Күн жаңалықтары
24.07.2026
Жарияланымдар · 17
Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес шараларының аяқталуы туралы
АҢДАТПА!
Мектеп олимпиадасынан ұлттық құрамаға дейін: физика пәні бойынша іріктеу қалай өтеді
2023 жылы Токиода өткен Халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері Әлішер Еркебаев бүгінде Қазақстанның ұлттық құрамасын әлемдік жарыстарға дайындап, олимпиадалық тапсырмаларды әзірлеуге қатысып жүр. Ол ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде оқушылардың ұлттық құрама сапына қалай іріктелетінін айтып берді.
Қазақстанда әрбір үшінші оқушы интеллектуалдық жарыстарға қатысады
Қазақстанда дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесі құрылған. Ол «анықтау – іріктеу – дайындау – қолдау – дамыту» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Бұл жүйенің басты міндеті – тұратын өңірі мен оқитын жеріне қарамастан, баланың қабілетін уақтыылы анықтау, оның дамуына мүмкіндік беру және жоғары нәтижелерге жетуі үшін жағдай жасау. Бұл туралы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Давлет мәлімдеді.
Қазақстандық оқушылар математикадан халықаралық олимпиадада төртінші жыл қатарынан үздіктер қатарынан көрінді
ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде жекелеген халықаралық олимпиадалардың қорытындыларына тоқталып өтті. Оның мәлімдеуінше, Қазақстан құрамасы Колумбияның Букараманга қаласында өткен 56-шы Халықаралық физика олимпиадасында әлемнің ең мықты командаларын басып озып, тарихта алғаш рет жалпыкомандалық есепте абсолютті чемпион атанды және бес алтын медаль жеңіп алды. Осылайша, ұлттық құрама Қытай, Үндістан, Корея Республикасы және Ресей сияқты олимпиадалық қозғалыстың әлемдік көшбасшыларының қатарынан бой көрсетті.
Мемлекет халықаралық олимпиада қатысушыларына ғана емес, олардың педагогтеріне де қолдау көрсетеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен білім беру саласын дамытуға бағытталған ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Бүгінде Қазақстан халықаралық олимпиада жеңімпаздарын мемлекеттік деңгейде ынталандыратын санаулы елдердің бірі. 2022 жылдан бастап халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтерге біржолғы ақшалай сыйақылар төленіп келеді. Атап айтқанда, алтын медаль иегерлеріне - 1500 АЕК-ке дейін; күміс медаль иегерлеріне - 1000 АЕК-ке дейін; қола медаль иегерлеріне - 500 АЕК-ке дейін сыйақы беріледі. Бұны ҚР оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде хабарлады.
Қазақстандық оқушылардың халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері және дарынды балаларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы
Қазақстандық оқушылардың халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері және дарынды балаларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
ЕҚЫҰ Қазақстанға адам саудасымен күрес жөніндегі жаңа жоспарды жүзеге асыруға көмектеседі
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі 2027–2029 жылдарға арналған жаңа ұлттық іс-қимыл жоспарын дайындауға сараптамалық қолдау көрсетуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Астанадағы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің бағдарламалық маманы Дина Джузбаева хабарлады.
Қазақстанда адам саудасы құрбандарын оңалту жүйесін дамытуға шақырды
Адам саудасының құрбандары босатылғаннан кейін қауіпсіз орналастыруды, медициналық және психологиялық көмекті қоса алғанда, кешенді қолдауға мұқтаж. Оларды қалпына келтіру қылмыстың жолын кесуден кейінгі маңызды кезеңге айналады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Халықаралық көші-қон ұйымының/ ҚР-дағы БҰҰ көші-қон агенттігінің адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаларының ұлттық үйлестірушісі Әлия Белоносова мәлімдеді.
«Ақпараттандыруды күшейту қажет» – Марат Башимов адам саудасының алдын алу туралы
Интернеттің дамуы жаңа мүмкіндіктермен қатар, балалар мен жасөспірімдер үшін қосымша қауіп-қатерлерді, соның ішінде оларды жыныстық қанауға тарту тәуекелдерін тудырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде «Халықаралық заңгерлер ассоциациясы» ҚБ бас директоры, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты Марат Башимов мәлімдеді.
Қазақстан адам саудасына қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты күшейтеді
Адам саудасына қарсы күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатындағы басым бағыттардың бірі болып қала береді. Еліміз адам құқықтарын қорғау саласындағы 60-тан астам халықаралық шартқа, соның ішінде құлдықтың заманауи түрлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі келісімдерге қатысады, ал осы саладағы ұлттық саясат халықаралық міндеттемелер мен үздік әлемдік тәжірибелерді ескере отырып қалыптасады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко хабарлады.
Қазақстанда 2027–2029 жылдарға арналған адам саудасына қарсы күрес жоспары әзірленуде
ІІМ адам саудасы фактілерін анықтау және жолын кесу жұмыстары аясында интернетке мониторинг жүргізеді. Жыл басынан бері Мәдениет және ақпарат министрлігіне бұғаттау үшін 8 мыңға жуық интернет-ресурс материалдары жіберілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Үшінші басқармасының бастығы Самат Кұсетов хабарлады.
Орталық коммуникациялар қызметі Қытайда өткен Дүниежүзілік интернет-конференцияға қатысты
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі 21–23 шілде аралығында Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында өткен Дүниежүзілік интернет-конференцияның (World Internet Conference) Цифрлық Жібек жолын дамыту форумына қатысты.
Ішкі істер министрлігі адам саудасына қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуде
Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп адам саудасына қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр. Халықты ақпараттандыруға ерекше көңіл бөлінуде. БҰҰ бастамасымен жыл сайын 30 шілдеде атап өтілетін Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні қарсаңында ІІМ «Адам саудасы - ауыр қылмыс» атты ақпараттық науқан өткізуде. Оның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарды адамдарды кейіннен қанау мақсатында арбаудың заманауи тәсілдері туралы хабардар ету. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің Үшінші басқарма бастығы Самат Кұсетов мәлімдеді.
Қазақстан халықаралық білім беру орталығы ретіндегі әлеуетін нығайтып жатыр
Қазақстанның жоғары оқу орындарында 2025-2026 оқу жылында әлемнің 88 елінен келген 35 075 шетелдік студент білім алды. Бұл көрсеткіш алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 11%-ға жоғары. Шетелдік студенттер санының артуы Қазақстанның Орталық Азиядағы білім беру орталығы ретіндегі халықаралық тартымдылығының артып келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Қазақстандағы бұлақтар мен су айдындарының жағалауын тазартуға бағытталған «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясына 24 мыңға жуық адам қатысты
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясының екі кезеңі шеңберінде еліміздің барлық өңірінде бұлақтар мен су айдындарының жағалауларын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.