Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

27.07.2026

Жарияланымдар · 12

Қосшыны газдандыру толық аяқталды: қаланың барлық шағын аудандарындағы 72 мың тұрғын табиғи газға қол жеткізді

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Энергетика министрлігі «QazaqGaz» ұлттық компаниясымен бірлесіп, газ инфрақұрылымын дамыту және халықтың табиғи газға қолжетімділігін кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы жұмыстың кезекті нәтижесі ретінде Қосшы қаласын газдандыру жобасы толық аяқталды. Соның арқасында 72 мыңға жуық тұрғын экологиялық таза отынға қосылу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

17:06Президенттің тапсырмалары

Games of the Future Astana 2026 powered by Samruk-Kazyna жобасының ресми ашылуы

АҢДАТПА!

16:32Баспасөз хабарламалары

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмысының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы есеп берілді.

16:01Мемлекет басшысының қызметі

Фитосанитариялық мониторинг жүргізуге арналған мобильді қосымша әзірленді

Соңғы жылдардағы шегірткелердің таралу динамикасын талдау олардың санының өсу үрдісін көрсетті. Ең жоғары көрсеткіш 2024 жылы тіркеліп, сол жылы 3,1 млн га алқапта қорғаныс іс-шаралары жүргізілді. 2025 жылдан бастап өңдеу көлемінің төмендеу байқалады: 2,7 млн га өңделді, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 13%-ға аз. Ал, биыл алдыңғы жылғы өңдеу көлемінің 33%-ын құрады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сәкен Қаныбеков хабарлады.

14:50Жаңалықтар

Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес аяқталды

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының аумағында үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары толық көлемде аяқталды. Химиялық өңдеу жұмыстары 1,8 млн га алқапта жүргізілді. Барлық жұмыс тиісті сапаны қамтамасыз ете отырып, оңтайлы мерзімдерде орындалды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктеріне зиян келтіру фактілері тіркелген жоқ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сәкен Қаныбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

14:40Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады

Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндалды.

14:31Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер туралы баяндалды.

12:51Мемлекет басшысының қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемді Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі қызметіне кірісуімен құттықтады

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынас деңгейі жоғары екенін атап өтіп, екі ел халықтарының мүддесі үшін саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін растады.

12:27Мемлекет басшысының қызметі

Қарағанды облысындағы Сарыбел станциясының теміржол вокзалы жаңартылды

Қарағанды облысындағы Сарыбел станциясының теміржол вокзалында реконструкция жұмыстары аяқталды. Жаңартылған нысан заманауи көлік торабына айналып, жолаушылар үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдайлар жасалды. Сондай-ақ инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігіне қойылатын қолданыстағы талаптарға толық сәйкестік қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

11:45Президенттің тапсырмалары

Еліміздің өңірлерінде инфрақұрылым жаңғыртылып, әлеуметтік сала дамып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында еліміздің өңірлерінде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасуда. Облыстарда жаңа инженерлік желілер пайдалануға беріледі, әлеуметтік нысандар ашылып, заманауи туристік инфрақұрылым құрылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:29Президенттің тапсырмалары

Creative Aimaq жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының креаторлары 3,8 млн теңгенің өнімін сатты

25-26 шілде күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының креативті жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға өңірдің креативті индустриясының 50-ге жуық өкілі қатысты. Жәрмеңкеде дизайнерлік брендтер, қолөнер шеберлерінің туындылары мен заманауи шығармашылық жобалар ұсынылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

09:39Президенттің тапсырмалары

Биыл электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді

Халықты жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі. Қысқы маусымның тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Энергетика министрлігі мен өңір әкімдіктері арқылы коммуналдық желілерді жаңғырту және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Стратегиялық құжатта инфрақұрылымды жаңғыртуға, заманауи әрі экологиялық таза технологияларды енгізуге, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше назар аударылған, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:14Президенттің тапсырмалары