Күн жаңалықтары
28.07.2026
Жарияланымдар · 10
Мемлекет басшысы Перу Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Кейко Фухимориді Перу Президенті қызметіне кірісуімен және осы елдің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі жаңадан тағайындалған елшісі Әлібек Бақаевты қабылдады
Әңгімелесу барысында Президент қазақ-британ көпжоспарлы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қатысты негізгі міндеттерді айқындады.
Астанада өтетін «Болашақ ойындары - 2026» турнирінің жүлде қоры 4,65 млн долларды құрайды
29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада алғаш рет халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары - 2026» турнирі өтеді. Оған әлемнің жетекші клубтары мен командалары қатысады. Жарыстар қаланың төрт нысанында: «Барыс Арена», BEELINE Arena, «Қазақстан» жеңіл атлетика кешені мен Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.
Елордада «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады
29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана қаласында алғаш рет «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі өтеді. Бұл – киберспортты, дәстүрлі спорт түрлерін және заманауи технологияларды бір арнаға тоғыстыратын жаңа форматтағы халықаралық жарыс. «Болашақ ойындарының» басты ерекшелігі – биыл жарыстың клубтық форматта өтуі. Яғни мұнда ұлттық құрамалар емес, халықаралық клубтар бақ сынайды. Бір команданың құрамында әртүрлі мемлекеттердің спортшылары өнер көрсете алады. Бұл туралы ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында хабарлады.
Мемлекет басшысы Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды туған күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Корольдіктің орнықты дамуының, ұлттық мұрасы мен рухани құндылықтарының айшықты белгісі ретінде бұл мерекенің Таиланд халқы үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
2026 жылы ТКШ мен Қазақстанның энергетикасын жаңғыртуға 625 млрд теңге тартылады
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыруға 2026 жылы 625 млрд теңге мөлшерінде қарыздық қаржыландыру мақұлданды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.
2026 жылы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді
2026 жылы Қазақстанда «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді. Осы мақсаттарға 1,1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.
Жамбыл облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарататын зауыттың құрылысы басталды
Жамбыл облысында «ForYou Energy» ЖШС қолға алған қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарататын зауыттың құрылысына капсула салу рәсімі өтті. Ірі инвестициялық жоба Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы инвестициялық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Қазақстанда балмұздақ өндірісі 47,4%-ға өсті
Қазақстанның балмұздақ нарығы өз дамуының ең қарқынды кезеңдерінің бірін бастан өткеруде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша еліміздің балмұздақ өндірісі тұрақты өсім көрсетті. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы мен салалық сарапшылардың деректеріне сәйкес, өндіріс көлемі 35,1 мың тоннаға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4%-ға артты, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Еліміздегі суару маусымының барысы туралы
АҢДАТПА!