Күн жаңалықтары
29.07.2026
Жарияланымдар · 12
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын Гонконгта өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысқаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты.
Мемлекет басшысы «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінің ашылу салтанатына қатысты
Президент Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйледі.
Мемлекет басшысы «Болашақ ойындары – 2026» сайысының ашылу салтанатында сөз сөйледі
Вегетациялық кезеңнің өтуі Су ресурстары министрлігінің тұрақты бақылауында
Елімізде су пайдалану лимиттерінің сақталуына және егіс алқаптарының құрылымына ерекше назар аударылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жол картасы шеңберінде ағымдағы жылға күріш егісі 80,3 мың га көлемінде бекітілді. Бұл туралы Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында хабарлады.
Су қоймаларының жұмыс режимдері күн сайын реттеледі
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында су ресурстарының жағдайы жайында баяндады. Оның мәлімдеуінше, бүгінде еліміздің ірі су қоймаларында 64,2 млрд м³ су жинақталған, бұл олардың жобалық көлемінің 75%-ын құрайды. Сонымен қатар қолда бар су қоры ағымдағы суару маусымының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жеткілікті.
Биыл 1,2 млн га алқапты суару үшін шамамен 11 млрд текше метр су алу жоспарда бар
Вегетациялық кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында суару маусымына дайындық өткен жылдың соңынан басталған болатын. 2025 жылғы желтоқсан 2026 жылғы қаңтар айларында жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы ұйымдарының қатысуымен бірқатар кеңес өткізіліп, онда алдағы суару маусымының тәуекелдері қаралып, қажетті шаралар айқындалды. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігімен 2024–2028 жылдарға арналған ылғалсүйгіш дақылдардың, оның ішінде күріштің егіс алқаптарын қысқартуды көздейтін Жол картасы бекітілді. Бұл туралы Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Елордада «Болашақ ойындары» аясындағы Дүниежүзілік фиджитал саммиті басталды
Астанада «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорт турнирі аясында өтіп жатқан Phygital Sports Summit Astana 2026 форумы басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Биылғы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған немесе жер заңнамасы талаптарына сәйкес келмейтін 1 млн гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлаған болатын. Бүгінде жоспар толық орындалды. Мемлекет меншігіне 1 млн гектардан астам жер қайтарылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Президент «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді.
Қазақстанда қоныс аудару бағдарламасына қатысушыларды қолдау күшейтілді
Қазақстанда кадр тапшылығы байқалатын өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы жаңартылуда. Бағдарламадағы басты жаңалықтардың бірі – қаржылық қолдау көлемінің едәуір ұлғаюы. Енді экономикалық ұтқырлық сертификатының ең жоғары мөлшері 7 млн теңгеге дейін (1 625 АЕК) жетеді. Бұл қаражатты қатысушылар жаңа өңірде жеке тұрғын үй сатып алуға пайдалана алады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.