Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

31.07.2026

Жарияланымдар · 11

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге, жақындарынан айырылған отбасыларға және Жапония халқына көңіл айтты.

17:00Мемлекет басшысының қызметі

1 миллионнан астам қазақстандық телемедицина қызметтерін пайдаланды

Бүгінде телемедицина қызметтеріне 655 медициналық ұйым қосылған. Олардың әлеуетті қамту ауқымы 2 млн-нан астам адамды құрайды. Қазіргі таңда 1 млн-нан астам пациент телемедициналық консультациялар алған. Бұл қашықтан медициналық көмек көрсету форматына деген жоғары сұранысты көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

16:34Президенттің тапсырмалары

Шардарада 31 мыңнан астам тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз ететін топтық су құбыры пайдалануға берілді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Тама-Тастанбек» топтық су құбырын пайдалануға беру рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің қолдауының арқасында әзірленген бұл жоба екі жыл ішінде жүзеге асырылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

15:36Президенттің тапсырмалары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысты

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде дәстүрге сай айрықша ықыласпен қарсы алғаны және бейресми кездесуді өткізу туралы бастама көтергені үшін Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа шынайы ризашылығын білдірді.

14:46Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстан құрамасы EJOI 2026 олимпиадасында үш медаль және бір мақтау грамотасын иеленді

2026 жылғы 24-30 шілде аралығында Литва Республикасының Каунас қаласында Информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы (European Junior Olympiad in Informatics, EJOI 2026) өтті. Білім додасына 25 елден 100-ден астам оқушы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль және 1 мақтау грамотасын иеленді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

14:12Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барды

12:46Мемлекет басшысының қызметі

Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі: стратегиялық жобаның іске асырылу барысы

Қазақстанда стратегиялық инфрақұрылымдық жоба – Каспий теңізінің түбімен транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда, оны пайдалануға беру 2026 жылдың соңына жоспарланған болатын. Қазіргі кезең кабельді тасымалдау мен тиеудің практикалық теңіз фазасына бағытталған, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

12:42Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда оқуға 550 шетел азаматына білім беру гранты тағайындалды

2026-2027 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ шетел азаматтарына, оның ішінде қазақ ұлтының өкілдеріне арналған мемлекеттік стипендиялық бағдарламасы аясындағы конкурстық іріктеу аяқталды. Байқау қорытындысы бойынша 550 стипендия иегерінен тұратын негізгі тізім бекітілді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

11:57Жаңалықтар

Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтудің электрондық кезегі енгізілуде

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін цифрлық трансформациялау жұмыстарын жалғастыруда. Осы бағыттағы кезекті жаңашылдықтардың бірі – медициналық-әлеуметтік сараптама аясында көзбе-көз куәландырудан өтуге арналған электрондық кезек сервисінің енгізілуі, деп хабарлайды ведомствоның баспаөз қызметі.

10:53Президенттің тапсырмалары

450 мыңға жуық бала мектепке дайындалуға көмек алады

2026 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін Жалпыға міндетті білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға мектеп формасын, аяқ киім мен мектеп құралдарын сатып алуға көмек көрсетіледі. 2026-2027 оқу жылы қарсаңында 450 мыңға жуық бала қолдаумен қамтылады. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттерде 23 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

10:01Президенттің тапсырмалары

Қазақстан Үкіметі гидроэнергетика саласын дамыту жоспарын бекітті

Мемлекет басшысының электр энергетикасы саласын әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі гидроэнергетика саласын дамыту жоспарын бекітті. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:15Президенттің тапсырмалары