Күн жаңалықтары
03.08.2026
Жарияланымдар · 13
«Адал азамат»: жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары
Оқу-ағарту министрлігі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыруды жалғастырады. Бағдарлама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» идеясын тәрбие жұмысының өзегіне айналдыруға бағытталған. Бүгінде мектептегі тәрбие жұмысы жекелеген іс-шаралармен шектелмейді. Оқушының тұлғалық дамуына ықпал ететін тұтас тәрбиелік экожүйе қалыптасуда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қарағанды облысында газбен жабдықтау желілері кеңейтіліп, жаңа қалалар мен кенттер газға қосылуда
Биыл табиғи газ Қарағанды қаласының жаңа аудандарына және өңірдегі өзге де елді мекендерге жеткізіледі. Облыста ауқымды газдандыру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде 16,5 мың жеке тұрғын үйдің иелері табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.
Мемлекет басшысы Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Жасанды интеллект бойынша ІІІ халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатында сөз сөйледі.
31,6 мыңнан астам әлеуметтік инфрақұрылым нысаны мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, Жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Халықпен бірге» жобасы аясында жүргізілуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жолбарыс тарихи мекендеу ареалына жіберілді
2026 жылғы 31 шілдеде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тарихи оқиға орын алды. Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет табиғи мекеніне Амур жолбарысының Үміт атты аналығы жіберілді. Жолбарысты табиғи мекеніне жіберу оны тарихи мекендеу ареалына қайтару және популяциясын қалпына келтіру бағдарламасын іске асырудағы алғашқы практикалық қадам болды, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Мемлекет басшысы телекөпір арқылы бірқатар автокөлік жолының құрылысын бастап берді
Президент «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдары құрылысының басталуына арналған телекөпірде сөз сөйледі.
Қазақстан 13,9 млн тонна астық пен астық баламасындағы ұн экспорттады
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 30 шілдеге дейін Қазақстан 13,9 млн тонна астық пен астық баламасындағы ұн экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға көп. Өткен жылы осы кезеңде шетелге 12,4 млн тонна өнім жөнелтілген болатын, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Creative Aimaq жобасы аясында Абай облысының креаторлары 4,8 млн теңгеден астам өнімді сатты
1-2 тамыз күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Creative Aimaq республикалық жобасы аясында «Тұңғыштар мекені – киелі Абай елі» атты Абай облысы креаторларының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 842 авторлық туынды, оның ішінде 772 сәндік-қолданбалы өнер бұйымы мен 70 кескіндеме туындысы көпшілікке ұсынылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Қазақстандық ғалымдар ара селекциясына арналған цифрлық платформаны әзірледі
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының (ҰАҒББО) ғалымдары араларды селекциялау және омарталарды басқаруға арналған алғашқы Apislab цифрлық платформасын әзірледі. Бүгінде бұл жүйені Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі 201 омарта шаруашылығы пайдаланып келеді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен елді мекендердегі 80 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылды
Мемлекет басшысының газбен қамтамасыз етуді жеделдету және оның деңгейін 80%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында «Шу» автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы аяқталады. Үкімет бұл мақсатқа Арнаулы мемлекеттік қордан 2,9 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
23 мыңнан астам су нысаны туралы деректер цифрландырылып, Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесіне енгізілді
Елімізде су нысандары, су шаруашылығы инфрақұрылымы, су пайдаланушылар, жерасты суы және саланың өзге де бағыттары бойынша деректерді біріктіретін Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін (СРҰАЖ) әзірледі. Жүйенің негізгі мақсаты – басқарушылық шешімдер қабылдауға қажетті бірыңғай, сенімді әрі өзекті деректер базасын қалыптастыру. Бүгінде жүйеде 23 мыңнан астам су нысаны туралы мәлімет цифрландырылып, жүйелендірілді. Оның ішінде 17 748 өзен, 3 148 көл және 1 109 гидротехникалық құрылысжай бар, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Қазақстанда ЖЭК электр энергиясын өндіру бойынша көрсеткіш асыра орындалды
Мемлекет басшысының жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемін 1,5 есеге арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес саланы дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздері объектілерінде өндірілген электр энергиясының көлемі 8,6 млрд кВт·сағатқа жетіп, бұл еліміздегі электр энергиясы өндірісінің жалпы көлемінің 7%-ын құрады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Өңірлерде жаңа инфрақұрылымдық, көлік және әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік және көлік нысандарын жаңғырту, сондай-ақ халықты сапалы ауыз сумен және тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Өткен аптада бірқатар маңызды жоба іске қосылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.