Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

04.08.2026

Жарияланымдар · 13

Мемлекет басшысы Халық қаһарманы Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

21:27Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтап, армян халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

18:00Мемлекет басшысының қызметі

Астанада 200-ге жуық оқушы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін бір мезгілде орындады

Астанада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының күніне орай «Ұлы дала әуені: Абайдың ән мұрасы» атты қалалық музыкалық флешмоб өтті. Іс-шара аясында 200-ге жуық оқушы Абайдың әйгілі «Көзімнің қарасы» әнін бір мезгілде орындады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

17:12Президенттің тапсырмалары

Үкіметте Алатау қаласында тұрақты авиациялық отын өндіру жөніндегі экожүйені құру туралы меморандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов гонконгтық Full Vision Capital компаниясының негізін қалаушы доктор Питер Лимен кездесу өткізді. Онда энергетика саласындағы ұзақмерзімді ынтымақтастықтың перспективалары, атап айтқанда, экологиялық таза авиациялық отын өндірісін (Sustainable Aviation Fuel, SAF) дамыту, зияткерлік энергетикалық шешімдерді және энергияны жинақтаудың заманауи жүйелерін енгізу саласындағы мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:41Президенттің тапсырмалары

Инфляция 2026 жылғы шілде айында да бәсеңдеуде - ҚР Ұлттық экономика министрлігі

2026 жылғы шілдедегі қорытынды бойынша жылдық инфляция 10,2%-ға төмендеп, бір айдағы бағаның өсуі 0,6%-ды көрсетті. Бұл алдыңғы екі жылдағы шілдедегі көрсеткіштен төмен (2025 және 2024 жылғы шілдеде 0,7%), деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

15:28Президенттің тапсырмалары

Олжас Бектенов Президент тапсырмалары аясында отандық өндірушілерді қолдау жөнінде бірқатар тапсырма берді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық тауарларды қолдау және ілгерілету мәселелері қаралды. Жиында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев және Сауда желілері одағы басқарма төрағасының орынбасары Эльбеги Абдиев, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстарының әкімдері ішкі нарықты отандық өніммен қамту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және өткізу нарықтарын кеңейту бойынша баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:33Президенттің тапсырмалары

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 26 мыңнан астам жұмыскерге арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын жүйелі түрде іске асыруды жалғастыруда. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша арнаулы әлеуметтік төлемді 26,1 мың жұмыскер алып отыр. Қаражаттың жалпы көлемі 24 млрд теңгеден асты. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төлем алушылар саны 3,7 мыңға жуық адамға артты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

12:21Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда азық-түлік өндірісінің ұлғаюы байқалады – Ауыл шаруашылығы министрлігі

Тамақ өнеркәсібі тұрақты оң серпін көрсетуде. Өсім негізгі азық-түлік өнімдерінің барлық түрлері бойынша байқалады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

11:41Президенттің тапсырмалары

Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды

Қазақстанда жаз басынан бері ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін 70 теміржол вокзалы пайдалануға берілді, оның ішінде 40 нысан шілде айында ашылды. Нысандарды қайта жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту бағдарлама аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

11:16Президенттің тапсырмалары

Қазақстан негізгі өнімдер бойынша ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп отыр – Сауда және интеграция министрлігі

ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бүгінгі таңда Қазақстан көптеген базалық өнімдер бойынша ішкі сұранысты толық қамтамасыз етеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

10:40Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда 2030 жылға дейін 478 жаңа өндіріс орны іске қосылады

Бүгінде жер қойнауын пайдалану саласында жалпы сомасы 123 млрд теңгені құрайтын кепілдендірілген сатып алу бойынша 425 шарт жасалды. Қабылданып жатқан қолдау шаралары нақты нәтиже беріп, өнім өткізу нарығын қалыптастыруға және отандық кәсіпорындардың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалануға ықпал етуде, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

10:28Президенттің тапсырмалары

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жұмыспен қамту мүмкіндігін кеңейтеді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз азаматтарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамту жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – жұмыс берушілер сұранысына сай білікті кадрлар даярлау. Қысқа мерзімді оқыту жұмыссыз азаматтарға аз уақыт ішінде практикалық дағдыларды меңгеруге, жаңа мамандық игеруге мүмкіндік беріп, олардың тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:50Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда 1,6 млн тонна астық бастырылды

Еліміздің бірқатар өңірлерінде егін орағы басталды. Бүгінгі күнге дейін 1,6 млн тонна дәнді дақыл бастырылып, орташа өнімділік гектарына 19,1 центнерді құрады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

09:14Мемлекет басшысының қызметі